Қазақстан Республикасында бiлiм берудi басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 7 шiлде N 940

      Бiлiм беру саласы қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, оның сабақтастығы мен үздiксiздiгiн ескерiп, бiрыңғай мемлекеттiк бiлiм беру саясатын жүргiзу, сондай-ақ, салалық министрлiктер мен ведомстволарды оларға тән емес оқыту және мамандар дайындау жұмысынан бiртiндеп босату, мемлекеттiк басқару органдарын ұстау шығындарын қысқарту мақсатында Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм беру министрлiгiнiң республикадағы бiлiм берудi басқару жүйесiн қайта құру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлiгi, Мәдениет министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi, Қазақстан Республикасының басқа да ведомстволары мен акционерлiк қоғамдары қолда бар материалдық-техникалық және оқ-өндiрiстiк базасымен оқу орындарын, сондай-ақ, қосымшаға сәйкес 1995 жылдың 1 қаңтарындағы қамтамасыз етiлген қаржысы және штаттық құрамындағы санымен тиiстi салалық бiлiм берудi басқару органдарын белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Бiлiм беру министрлiгiне берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының оқу орындары бар министрлiктерi мен ведомстволары өздерiнiң ведомстволық нормативтiк және нұсқаулық актiлерiн белгiленген тәртiппен осы қаулыға сәйкестендiрсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен Тың темiр жолының Ақмола медициналық училищесiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне берсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Бiлiм беру министрлiгiнiң қарамағына берiлген оқу орындарын қаржыландыру тәртiбiне тиiстi өзгерiстердi бiр ай мерзiмде енгiзсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанында Бiлiм

беру саласындағы ведомствоаралық үйлестiру кеңесi құрылсын.
Қазақстан Республикасы Бiлiм беру министрлiгi Ведомствоаралық
үйлестiру кеңесi және оның жеке құрамы жөнiнде Ереженi Қазақстан
Республикасы Министрлерiнiң бекiтуiне мүдделi министрлiктер және
ведомстволармен бiрлесiп бiр ай мерзiмде ұсынсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1995 жылғы 7 шiлдедегi
                                           N 940 қаулысына
                                            ҚОСЫМША
            Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң қарамағына
            берiлген салалық министрлiктер мен ведомстволардың оқу
                              орындарының
                             Т I З Б Е С I
            ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ
               ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛIГI
                 Жоғары оқу орындары
     Алматы зоотехникалық-мал дәрiгерлiк институты
     Ақмола ауыл шаруашылығы институты
     Жамбыл гидромелиоративтiк-құрылыс институты
     Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты
     Қазақ ауыл шаруашылығы институты
     Қызылорда агроөнеркәсiп өндiрiс инженерлерi институты
     Көкшетау ауыл шаруашылығы институты
     Қостанай ауыл шаруашылығы институты
     Семей зоотехникалық-мал дәрiгерлiк институты

                 Арнаулы орта оқу орындары
     Атырау теңiз балық өнеркәсiбi техникумы
     Ақмола совхоз-техникумы
     Ақмола механикалық-технологиялық техникумы
     Ақтөбе ауыл шаруашылығы техникумы
     Алматы экономика колледжi
     Атбасар совхоз-техникумы
     Атырау ауыл шаруашылығы техникумы
     Боровой агроөнеркәсiп колледжi
     Шығыс Қазақстан совхоз-техникумы
     Жамбыл зоотехникалық-мал дәрiгерлiк техникумы
     Жезқазған ауыл шаруашылығы техникумы
     Зерендi совхоз-техникумы
     Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжi
     Қапланбек зоотехникалық-мал дәрiгерлiк техникумы
     Қарқаралы зоотехникалық-мал дәрiгерлiк техникумы
     Қызылорда ауыл шаруашылығы техникумы
     Көксу ауыл шаруашылығы техникумы
     Қотыркөл совхоз-техникумы
     Красноармия ауыл шаруашылығы техникумы
     Красногор совхоз-техникумы
     Қостанай политехникалық колледжi
     Қостанай ауыл шаруашылығы техникумы
     Ленинск ауыл шаруашылығы техникумы
     Лениногор орман техникумы
     Мичурин агрофирма-техникумы
     Новоишим совхоз-техникумы
     Новопокров ауыл шаруашылығы техникумы
     Мақтаарал ауыл шаруашылығы техникумы
     Павордар агроөнеркәсiп техникумы
     Павлодар совхоз-техникумы
     Петропавл ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумы
     Петропавл есеп-экономика техникумы
     Семей политехникалық техникумы
     Талғар ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумы
     Талғар ауыл шаруашылығы техникумы
     Талдықорған зоотехникалық-мал дәрiгерлiк техникумы
     Темiр совхоз-техникумы
     Торғай совхоз-техникумы
     Орал ауыл шаруашылығы техникумы
     Орал ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумы
     Урицк ауыл шаруашылығы колледжi
     Шучинск техникалық колледжi
     Шымкент совхоз-техникумы

              ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ
                         МИНИСТРЛIГI
                 Жоғары оқу орындары
     Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясы Қарағанды
     қаласындағы филиалымен
     Батыс Қазақстан мәдениет институты
     Т. Жүргенов атындағы Қазақ театр және кино институты
     Қазақ мемлекеттiк көркемөнер академиясы
     Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика институты

                 Арнаулы орта оқу орындары
     Алматы музыка училищесi
     Ақтөбе музыка училищесi
     Ақтөбе мәдениет училищесi
     Ақсу мәдениет училищесi
     О. Таңсықбаев атындағы Алматы көркемөнер училищесi
     Алматы хореография училищесi
     Ақмола музыка училищесi
     Арқалық музыка училищесi
     Атырау музыка училищесi
     Атырау мәдениет училищесi
     Жамбыл мәдениет және өнер колледжi
     Жезқазған музыка училищесi
     Жетiсай мәдениет училищесi
     Қарағанды облыстық орта музыка мектебi
     Қарағанды мәдениет училищесi
     Қарағанды музыка училищесi
     Қаскелең мәдениет училищесi
     Қызылорда музыка училищесi
     Көкшетау музыка училищесi
     Көкшетау мәдениет училищесi
     Қостанай мәдениет училищесi
     Маңғыстау өнер училищесi
     Павлодар музыка училищесi
     Петропавл музыка училищесi
     А. Жұбанов атындағы республикалық мамандандырылған орта
     музыка мектебi
     Республикалық музыка колледжi
     Республикалық эстрада-цирк училищесi
     Рудный музыка училищесi
     Сәтбаев мәдениет училищесi
     Сарқант мәдениет училищесi
     Семей музыка училищесi
     Талдықорған музыка училищесi
     Темiртау музыка училищесi
     Өскемен мәдениет училищесi
     Өскемен музыка училищесi
     Орал музыка училищесi
     Шымкент музыка училищесi
     Шымкент көркемөнер училищесi

            Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
                              министрлiгi
                 Жоғары оқу орындары
     Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшқыштар училищесi
     Алматы темiр жол көлiгi инженерлерi институты Ақмола
     және Ақтөбе қалаларындағы филиалдарымен

                 Арнаулы орта оқу орындары
     Ақмола темiр жол көлiгi техникумы
     Ақтөбе темiр жол көлiгi техникумы
     Алматы темiр жол көлiгi техникумы
     Атырау темiр жол көлiгi техникумы
     Қызылорда темiр жол көлiгi техникумы
     Павлодар темiр жол көлiгi техникумы
     Петропавл темiр жол көлiгi техникумы
     Семей темiр жол көлiгi техникумы

                 Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм
                         және спорт министрлiгi
     
<*>

     
<*>

     Республикалық N 3 олимпиадалық резерв училищесi
     Қарағанды олимпиадалық резерв училищесi

            ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН
                          ҚОРҒАУ МИНИСТРЛIГI
     Семей геологиялық-барлау колледжi

            ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТI
             ЖАНЫНДАҒЫ СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӨНIНДЕГI КОМИТЕТ
     Алматы су шаруашылығы техникумы

            ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТI
          ЖАНЫНДАҒЫ ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ БАС БАСҚАРМАСЫ
     Семей топография техникумы

            "ТОҒАН" МЕМЛЕКЕТТIК АКЦИОНЕРЛIК КОМПАНИЯСЫ
     Қызылорда политехникалық техникумы
     Шымкент экономика және құқық колледжi

            "ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" ҰЛТТЫҚ АКЦИОНЕРЛIК КОМПАНИЯСЫ
     Алматы байланыс колледжi
     Ақтөбе байланыс электротехникумы
     ЕСКЕРТУ. Тiзбеге өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.09.19.
              N 1143 қаулысымен.  

P961143_

 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады