"Қазақстанның бiрiккен банкi" мемлекеттiк банкiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 8 тамыз N 1101. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.06.28. N 826 қаулысымен.

      Мемлекеттiк банктер мен мемлекет қатысқан банктердегi меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазақстанның бiрiккен банкi" мемлекеттiк банкi құрылсын.
      2. "Әлем банк Қазақстан" акционерлiк банкi мен " Қазақстан Республикасының Халық банкi" акционерлiк банкiнiң мемлекет меншiгiндегi акциялар пакеттерi "Қазақстанның бiрiккен банкi" мемлекеттiк банкiнiң басқаруына берiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне "Қазақстанның бiрiккен банкi" мемлекеттiк банкiнiң президентiмен-бiрiншi басшысымен республика Үкiметiнiң атынан тиiсiнше басқару контрактын жасауға өкiлдiк берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Қазақстанның бiрiккен банкi" мемлекеттiк банкiнiң құрылтайшылық құжаттарының пакетiн бiр апта мерзiмде әзiрлеп, оны белгiленген тәртiппен тiркесiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Қазақстанның бiрiккен банкi" мемлекеттiк банкiн орналастыру мәселенi шешсiн.
      5. "Қазақстанның бiрiккен банкi" мемлекеттiк банкiн құруда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне көмек көрсетуiне ұсыныс жасалсын.
      6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Үкiметтiң нормативтiк актiлерiн бiр ай мерзiмде осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
             Қазақстан Республикасының
                  Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады