Қазынашылық мiндеттемелерiн шығару туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 9 тамыздағы N 1104

      Республикалық бюджеттiң атқарылу процесiн оңайландыру және төлемдер жасамау дағдарысын азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мемлекеттiк бағалы қағаздар - қазынашылық мiндеттемелерiн шығару туралы ұсынысы мақұлдансын және қазынашылық мiндеттемелерiн орналастыру, айналысқа қосу және өтеу тәртiбi туралы тiркелiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне қазынашылық мiндеттемелерiн орналастыру, айналысқа қосу және өтеу тәртiбi туралы Ережеге сәйкес қазынашылық мiндеттемелерiн заңды тұлғалардың бюджет кiрiсiне төлемдер жасау жөнiндегi берешектерiн өтеу және бюджеттен қаржыландыру үшiн пайдалануға рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қазынашылық

 

мiндеттемелерiнiң шығарылу шарттарына сәйкес олардың мiндеттi

түрде өтелуiн қамтамасыз ететiн болсын.

     4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне екiншi

деңгейдегi банкiлерде қазынашылық мiндеттемелерiнiң тәртiбi мен

есебiн жасау ұсынылсын.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi

                                        Қазақстан Республикасы

                                        Министрлер Кабинетiнiң            


                                        1995 жылғы 9 тамыздағы

                                          N 1104 қаулысымен

                                          бекiтiлген


             Қазынашылық мiндеттемелерiн орналастыру, айналысқа

                  қосу және өтеу тәртiбi туралы ереже


              I. Жалпы ережелер


     1. Қазынашылық мiндеттемелерi мемлекеттiк бағалы қағаздар

болып табылады.


 
       2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қазынашылық мiндеттемелерiн сериялап шығарады, олардың әрқайсысы жеке шығарылым болып табылады және шығарылымның бүкiл сомасына арналған ауқымды сертификатпен (1-қосымша) хатталады.
      3. Қазынашылық мiндеттемелерiнiң әрбiр шығарымның өзiндiк бiрегей нөмiрi болады. Бүкiл шығарылымға арналған ауқымды сертификат бiрдей екi дана етiп хатталады, олардың бiрi өкiлеттi депозитарийде, ал екiншiсi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнде сақталады. Қазынашылық мiндеттемелерiнiң әр сериясының айналыс мерзiмi аяқталғаннан кейiн және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қазынашылық мiндеттемелерiн ұстаушылар алдындағы өз мiндеттемелерiн орындаған соң шығарымға арналған ауқымды сертификат өтеледi.
      4. Өкiлеттi депозитарий қазынашылық мiндеттемелерiн иелену құқығын растайтын депо-шоттардан алынған көшiрмелер негiзiнде қазынашылық мiндеттемелерiнiң өтелу сәтiнде олардың ақырғы ұстаушыларымен ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын төлем агентi ретiнде әрекет етедi.
      5. Депо-шоттар бойынша құжаттар айналымының реквизиттерi мен тәртiбi (өкiлеттi депозитарийдiң Регламентi) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлiп алынады.
      Өкiлеттi депозитарийдегi депо-шоттан алынған көшiрме қандай да бiр депо-шот ұстаушының қазынашылық мiндеттемелерiнiң меншiк құқығын растайтын құжат болып табылады.
      6. Өкiлеттi депозитарий қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiпте қазынашылық мiндеттемелерiн есепке қабылдай алады.
      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi кез-келген уақытта депозитарийден депо-шоттардың иелерi туралы ақпарат талап етуге құқылы. Депозитарий депо-шоттар ашқанда оның иелерiне депо-шоттардың жай-күйi туралы эмитентке ағымдағы ақпарат ашу мүмкiндiгi жайлы хабардар етуге мiндеттi.
 
              II. Қазынашылық мiндеттемелерiн шығару
 
      8. Қазынашылық мiндеттемелерi құжаттамасыз нысанда өкiлеттi депозитарийдiң депо-шоттарындағы жазба түрiнде шығарылады.
      9. Шығарымның өлшемдерiн қазынашылық мiндеттемелерiнiң шығарылуы мен айналымда болуының қосымша шарттарында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi айқындайды және өкiлеттi депозитарийде депозиттелетiн ауқымды сертификатта тiркеледi. Өлшемдер мыналар: қазынашылық мiндеттемелерiнiң шығарылған уақыты, бастапқы құны, шығарымның жалпы көлемi, айналыста болу мерзiмi, егер осындай белгiленген болса, қазынашылық мiндеттемелерi иелерiнiң тобына қойылатын шектеулер, қазынашылық мiндеттемелерiнiң бастапқы құны бойынша қазынашылық мiндеттемелерi несие қарызды өтеудiң құралы ретiнде пайдаланылатын операциялардың ең көп шектi саны. Ауқымды сертификаттың үлгi нұсқасы қоса берiлiп отыр.
      10. Қазынашылық мiндеттемелерiне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң шешiмi бойынша проценттер есептеледi, олардың мөлшерi шығарылымның ауқымды сертификатында көрсетiледi.
      11. Өкiлеттi депозитарий Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi атынан берiлетiн ауқымды сертификатта көрсетiлген бүкiл шығарылымға арнап Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгiмен жасасқан шарт негiзiнде бiрiншi ұстаушыға депо-шот ашады. Қазынашылық мiндеттемелерiн ұстаушылар өкiлеттi депозитарийде өздерiнiң өтiнiшi негiзiнде депо-шоттар ашады. Қазынашылық мiндеттемелерiнiң депо-шоттар бойынша қозғалысы өкiлеттi депозитарийдiң регламентiне сәйкес өкiмдiк құжаттар негiзiнде жүредi. Қазынашылық мiндеттемелерiн бiр шоттан екiншi шотқа аудару негiзiнде қазынашылық мiндеттемелерiн ұстаушыларға олардың талап етуi бойынша мiндеттемелердi иелену құқығын растайтын депо-шоттар көшiрмелерi берiледi.
      12. Ауқымды сертификатта шығарылымның өлшемдерi, сондай-ақ айналыста болуын қосымша шарттары тiркеледi. Мыналар қосымша шарттар болып табылады:
      қазынашылық мiндеттемелер иесiнiң бастапқы құны бойынша қазынашылық мiндеттемелерiмен заңды тұлғаға несиелiк қарызын өтеу құқығы және қарызы бар заңды тұлғаның қазынашылық мiндеттемелерiн қабылдап алу мiндеттiлiгi;
      аталған құқықты қолдануға болатын заңды тұлғалар тобына қойылатын шектеулер;
      жоғарыда көрсетiлген шарттарға сәйкес әрбiр қазынашылық мiндеттемесiне берiлетiн құқықтардың ең көп шектi саны.
      Қазынашылық мiндеттемелерiнiң айналыста болу тәртiбi және айналыста болудың қосымша шарттары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң өкiлеттi депозитариймен жасасатын шартында тiркеледi. Өкiлеттi депозитарийге қосымша шарттарға сәйкес қазынашылық мiндеттемелерiнiң мақсатты пайдаланылуына бақылау жасау және әрбiр қазынашылық мiндеттемесi құқықтарының есепке алынуы жөнiнде жауапкершiлiк жүктеледi.
      13. Қазынашылық мiндеттемелерi ашық сақталады және қайталама нарықта еркiн айналыста болады.
      14. Қазынашылық мiндеттемелерi олардың иелерiнiң тiлегi бойынша бюджетке төленетiн салық төлемдерi бойынша қарызды өтегенде бастапқы құны бойынша пайдаланылуы мүмкiн.
 
           III. Қазынашылық мiндеттемелерiмен жасалатын
                           операциялар
 
      15. Өкiлеттi депозитарийдегi депо-шот ұстаушы қазынашылық мiндеттемелерiмен мынадай операцияларды жүзеге асыра алады:
      қазынашылық мiндеттемелерiн айналыста болу мерзiмi аяқталған соң номиналы бойынша өтеу;
      бюджетке төленетiн салық төлемдерi бойынша (берешек және ағымдағы) қарызды қазынашылық мiндеттемелерiмен өтеу;
      айналыста болудың қосымша шарттарына сәйкес қазынашылық

 

мiндеттемелерiн несие берушiлердiң шотына аудару арқылы несие

қарызын өтеу, қазынашылық мiндеттемелерiмен есеп айырысу

бастапқы құны бойынша жүзеге асырылады;

     резидент-заңды тұлғаға сату;

     кредиттердi алу мақсатында аманатқа салу;

     16. Депозитарийдiң қазынашылық мiндеттемелерiнiң иесiне

өздерi өкiмдiк құжаттарда келiскен қазынашылық мiндеттемелерiнiң

санын өкiлеттi депозитарийде олардың ықтимал иелерi ашқан

шоттарға аударудан бас тартуға құқығы жоқ.

     17. Депозитарийдегi депо-шоттар және әрбiр иегердiң

шотындағы мiндеттемелердiң саны туралы ақпарат қатаң түрде құпия

болып табылады.


            IY. Қазынашылық мiндеттемелерiн өтеу



 
       18. Қазынашылық мiндеттемелерiн өтеудi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен жасасқан шарт негiзiнде төлем агентi жүзеге асырады. Өкiлеттi депозитарий төлем агентi бола алады.
      19. Өкiлеттi депозитарий айналыс мерзiмi аяқталғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде өтеуге арналған жиынтық ведомость жасайды, онда алушылардың реквизиттерi (Y бөлiмге сәйкес қазынашылық мiндеттемелерiнiң иелерi және облыстық есептеу-касса орталықтары) және өтеу сомасы көрсетiледi және ол оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне бередi.
      20. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өтеуге арналған жиынтық ведомосты алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде шығарылым көлемiнде (қазынашылық мiндеттемелерiнiң бастапқы ақша қаржыларын депозитарийдiң корреспонденттiк шотына аударады.
      21. Депозитарий қаржылар өз шотына түскеннен кейiн 7 жұмыс күнiнен кешiктiрмей оларды алушылардың шотына аударады.
 
           Y. Бюджет кiрiсiне төлемдер төлеу жөнiндегi
                      қарызды өтеу тәртiбi
 
      22. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қазынашылық мiндеттемелерiн заңды тұлғалардан бюджетке төленетiн салық төлемдерi бойынша (берешек және ағымдағы) берешектi өтеу есебiне қабылдайды.
      23. Аталған берешектi өтеу үшiн қазынашылық мiндеттемелерiн есепке алу заңды тұлғалардың өкiлеттi депозитарийге беретiн өтiнiштерi негiзiнде жүргiзiледi.
      24. Заңды тұлғаның қарызын өтеуге бiр мезгiлде салықтың төрт түрi: заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосымша құнға салынатын салық, акциздер, арнаулы төлемдер және жер қойнауын пайдаланушылар салықтары жөнiнде осы заңды тұлға өтiнiш берген күнгi жағдаймен заңды тұлға бойынша берешек сомасы қабылданды.
      25. Егер осы салық төлеушi бойынша көрсетiлген салық түрлерi жөнiндегi берешек сомасы заңды тұлға төлейтiн сомадан кем болса, онда қалған сома ағымдағы салық төлемдерiн бюджетке есепке алу арқылы өтеледi.
      26. Заңды тұлға жоғарыда аталған берешектi қазынашылық мiндеттемелермен өтеуге өтiнiш берген кезде тиiстi сома заңды тұлғаның депо-шотынан есептен шығарылып, республикалық бюджеттiң депо-шотына есептеледi. Осы операцияны орындағаннан кейiн өкiлеттi депозитарий заңды тұлғаға тиiстi көшiрме бередi, соның негiзiнде салық инспекциясы есепке алынған берешектi есептеп шығарады.
      27. Өкiлеттi депозитарий бюджет төлемдерi бойынша берешектердiң өтелу есебiн жүргiзедi және ай сайын келесi айдың 7-iне дейiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне табыстар мен облыстар бойынша заңды тұлғалардың бюджетке берешектерiн өтеу жөнiнде жиынтық ведомостар тапсырып отырады (2 қосымша).
      28. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қазынашылық мiндеттемелердiң шығарылымын өтеп, шығарылым көлемiндегi ақша қаражатын депозитарийдiң корреспонденттiк шотына аударған кезде республикалық бюджеттiң депо-шотындағы қазынашылық мiндеттемелердiң нақты көлемiне сәйкес келетiн сомаларды депозитарий облыстық есептеу-касса орталықтарына салық түрлерi бойынша республикалық бюджеттiң кiрiс шоттарына аударады, мұнда белгiленген проценттермен олардың аударымы жасалады. Облыстық есептеу-касса орталықтары белгiленген тәртiппен және бекiтiлген процентпен жергiлiктi бюджетке депозитарий аударған сомалардан аударым жасайды. Бiр мезгiлде депозитарий кiрiс бөлiмдерi мен тұлғалар бойынша бюджет төлемдерi жөнiндегi қарыздарды өтеу туралы жиынтық ведомостар тапсырады, олар есептелген сомаларды тексеру үшiн салық инспекцияларына тапсырылады.
 
              YI. Қазынашылық мiндеттемелермен жасалатын
                  операцияларды бухгалтерлiк есепте көрсету
                         тәртiбi
 
      29. Қазынашылық мiндеттемелердiң бухгалтерлiк есебiн заңды тұлғалар - қазынашылық мiндеттемелердi ұстаушылар "қысқа мерзiмдi қаржы салымдары" 58 баланс шотында "Қазынашылық мiндеттемелер" қосымша шотына жүргiзедi.
      30. Қазынашылық мiндеттемелердiң бiрiншi ұстаушысы бастапқы құны бойынша "Мақсатты қаржыландыру мен түсiмдер" 96 шотымен ("Қазынашылық мiндеттемелер" қосымша шоты) корреспонденцияда "Қысқа мерзiмдi қаржы салымдары" 58 шотының ("Қазынашылық мiндеттемелер" қосымша шоты) дебетi бойынша кiрiске алынады.
      31. Қазынашылық мiндеттемелердi аудару арқылы кредиттiк берешектi өтеген кезде қазынашылық мiндеттемелердi ұстаушы олардың бастапқы құны бойынша "қысқа мерзiмдi қаржы салымдары" 58 шотының ("Қазынашылық мiндеттемелер" қосымша шоты) кредитi көрсетiлген корреспонденцияда тиiстi баланс шоттарға дебетке алады.
      Қазынашылық мiндеттемелердi дебиторлық қарызды өтеу есебiне алу "Әртүрлi дебиторлармен және кредиторлармен және т.б. есеп айырысу" 62 шотының кредитi көрсетiлген корреспонденцияда "Қысқа мерзiмдi қаржы салымдары" 58 шотының ("Қазынашылық мiндеттемелер" қосымша шотының) дебетi бойынша бастапқы құны мөлшерiнде көрсетiледi.
      32. Қазынашылық мiндеттемелердi ақша қаражатын аудару арқылы қазынашылық мiндеттемелердiң соңғы ұстаушысына өтеу кезiңде келiп түскен сома бастапқы құны мөлшерiнде "Қысқа мерзiмдi қаржы салымдары" 58 шотының ("Қазынашылық мiндеттемелер" қосымша шоты) кредитi көрсетiлген корреспонденцияда ақша қаражатын есепке алу шоттарының және мiндеттеме бойынша проценттер сомасына "пайда және залалдар" 80 шотының дебетi бойынша көрсетiледi.
      33. Қазынашылық мiндеттемелердi салықтан босату арқылы өтеу кезiнде "бюджеттен есеп айырысу (тиiстi қосымша шоттар)" 68 шотына дебетке алынып, "қысқа мерзiмдi қаржы салымдары" 58 шотына ("Қазынашылық мiндеттемелер" қосымша шоты) несиеленiп, алынған салықтан босату рұқсатымен реквизиттерi мiндеттi түрде талдама есепте көрсетiледi.
      34. Қазынашылық мiндеттемелердiң бастапқы ұстаушысы оларды өтеу мерзiмi келгенде "мақсатты қаржыландыру мен түсiмдер" 96 шотын ("Қазынашылық мiндеттемелер" қосымша шоты) тиiстi шоттардың нақты пайдаланылуы көрсетiлген олардың корреспонденциясында дебетке алады.
      35. Қазынашылық мiндеттемелердi екiншi қайтара орналастыру кезiнде оларды сату, беру, басқа да жолдармен пайдалану (жоғарыда көрсетiлген жағдайлардан басқа кезде) Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1992 жылғы 18 желтоқсандағы N 56 бұйрығымен бекiтiлген кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебi шоттарының Жоспары қолдану жөнiндегi Нұсқаулық белгiлеген тәртiпте "өзге активтердi өткiзу" 48 шотында көрсетiледi.
      Қазынашылық мiндеттемелердi екiншi қайтара орналастыру кезiнде оларды сатып алу бағасынан төмен келiсiмдi бағамен өткiзген жағдайда қазынашылық мiндеттемелердi сату бағасы мен олардың баланс құнының арасындағы айырма "пайданы жұмсау" 81 шотының дебетi және "өзге активтердi өткiзу" 48 шотының кредитi бойынша көрсетiледi.
      36. Бухгалтерлiк есептi бюджеттiк мекемелер мен ұйымдарға арналған шоттар жоспары бойынша жүргiзетiн қазынашылық мiндеттемелердi ұстаушылар - министрлiктер мен ведомстволар бастапқы құны бойынша алынған қазынашылық мiндеттемелердiң сомасын бухгалтерлiк есепте "қаржы салымдары" 134 қосымша шотының дебетi және "Мекемелердi ұстауға арналған басқа да қаражат" 238 қосымша шотының кредитi бойынша көрсетедi. 134 және 238 қосымша шоттары бойынша талдама есеп 292 нысанды кiтапта немесе 292-а кәртiшкесiнде жүргiзiлiп, қазынашылық мiндеттемелердiң алынған және өткiзiлген (сату, беру, басқа да жолдармен өткiзу) күндерi көрсетiледi.
      Егер беру кезiнде қазынашылық мiндеттемелердiң келiсiмдi

 

бағасы бастапқы құнынан өзгеше болған жағдайда бастапқы

құнынан артып түскен сомаға 134 қосымша шоты дебетке алынады

және 238 қосымша шоты кредиттеледi, бастапқы құнынан төмен

сомаға 238 қосымша шоты дебетке алынады 134 қосымша шоты

кредиттеледi.

     37. Осы көрсетiлген қосымша шоттар бойынша жүргiзiлетiн

операциялардың бухгалтерлiк есебi бюджетте тұратын мекемелердегi

бухгалтерлiк есеп бойынша КСРО Қаржы министрлiгiнiң 1987

жылғы 10 наурыздағы N 61 Нұсқаулығына сәйкес жүргiзiледi.


                                          1-қосымша


             Қазынашылық мiндеттемелер шығарылымын

                    ауқымды сертификаты


     Осы ауқымды сертификат қазынашылық мiндеттемелер (бұдан

әрi - мiндеттемелер) шығарылымының бүкiл көлемiне рәсiмделген.

     Мiндеттемелердi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң

1995 жылғы " "____________________N ______________қаулысына сәйкес

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi шығарады.

     Шығарылымның негiзгi өлшемдерi 1995 жылғы " " ________________

N___________________бекiтiлген.

     Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi:

     Шығарылымның көлемi:_______________________________________теңге

     Бiр мiндеттеменiң бастапқы құны ____________________ теңге

     Мiндеттемелердi орналастырудың басталған уақыты 1995

жылғы " " ________________


 
       Шығарылым нысаны - құжаттамасыз. Шығарылым осы ауқымды сертификатпен рәсiмделген. Мiндеттемелерге меншiк құқығы депозитарийдегi депо-шоттарға жазып қою түрiнде тiркеледi. Мiндеттемелердiң бастапқы иелерiне депо-шоттар осы ауқымды сертификаттың қосымшасына сәйкес ашылады.

 

     Айналыста болудың қосымша шарттары: құқықтар саны ____________

     Мiндеттемелердiң айналыста болуы Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлiгi мен өкiлеттi депозитарий - банктiң арасында

1995 жылғы " " ___________жасалған N___________шартқа сәйкес

жүзеге асырылады.

     Осы ауқымды сертификат Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлiгi мен депозитарий - банк үшiн бiр-бiрден - екi

түпнұсқа данада жасалады.


     Қазақстан Республикасының

     Қаржы министрi              -------------/   -----------/

     Шығарылымның өлшемдерi келiсiлдi

     Банктiң бiрiншi басшысы        -------------/   -----------/


     Алматы қаласы                "  "__________________1995 ж.

     Өтелгеннен кейiн толтырылады:

     қазынашылық мiндеттемелерi 1995 жылғы " "_____________________


     ------------------------------------------------------------

         теңге сомасында өтелдi


     Қазақстан Республикасының                  Банктен

     Қаржы министрлiгiнен


     ----------------/  ------------/  -------------/ -------------/


                                          2 қосымша


                    Есеп беру нысандары

             Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң

                   Бас салық инспекциясы үшiн


-------------------------------------------------------------------

Рет|Заңды |  Салық төлемдерi бойынша қарызды өтеу есебiне  |Жалпы

N |тұлға.|  жұмсалған қазынашылық мiндеттемелердiң саны   |саны   

   |ның   | -----------------------------------------------|

   |атауы |Заңды тұл.|Қосылған |Акциздер |Арнаулы төлемдер,|

   |      |ғалардан  |құнға    |         |жер қойнауын пай.|

   |      |алынатын  |салынатын|         |даланушылардың   |

   |      | табыс    | салық   |         |салықтары        |

   |      | салығы   |         |         |                 |

-------------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------------


        облыстық есептеу-касса орталықтары үшiн

                   I-нысан

------------------------------------------------------------------

Рет| Заңды |Өтелген | Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы

N |тұлға. |уақыты  | бойынша қарызды өтеу есебiне жұмсалған      

   |ның    |        |қазынашылық мiндеттемелердiң саны

   |атауы  |        |

------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------


                 2-нысан


-------------------------------------------------------------------

Рет| Заңды  | Өтелген | Қосылған құнға салынатын салық бойынша

N |тұлғаның| уақыты  | қарызды өтеу есебiне жұмсалған қазынашылық

   | атауы  |         | мiндеттемелердiң саны

-------------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------------


                3-нысан


------------------------------------------------------------------

Рет| Заңды   | Өтелген | Акциздер бойынша қарызды өтеу есебiне

N  |тұлғаның | уақыты  | жұмсалған қазынашылық мiндеттемелердiң

   | атауы   |         | саны

------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------


                4-нысан


------------------------------------------------------------------

Рет|  Заңды  | Өтелген| Ренталық төлемдер бойынша қарызды өтеу есебiне

N | тұлғаның| уақыты | жұмсалған қазынашылық мiндеттемелердiң

   |  атауы  |        | саны

------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады