Қазақстан Республикасының Iшкi әскерлерiнiң мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 1 қыркүйек N 1217

      Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық қауiпсiздiктi және құқық тәртiбiн қорғауды нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi құқық тәртiбiн қорғау үшiн және Жамбыл қаласындағы 500 бiрлiк санындағы арнаулы моторландырылған милиция полкын қысқарту есебiнен Көкшетау Жамбыл қалаларында орналастырып, әрқайсысы 275 бiрлiк санында Қазақстан Республикасының Iшкi әскерлерiнiң арнаулы моторландырылған батальондарын құрсын.
      2. Көкшетау, Жамбыл облыстарының әкiмдерi олардың тұрағын,

әлеуметтiк-тұрмыстық жайғастырылуын және материалдық-техникалық
жағынан қамтамасыз етiлуiн қамтамасыз етсiн. Бұл мақсат үшiн
жергiлiктi бюджеттен қажеттi қаржы бөлсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, Iшкi iстер
министрi жаңадан құрылған бөлiмдердi жинақтау және қалыптастыру
үшiн Қазақстан Республикасының Iшкi әскерлерiне шақыруды
қамтамасыз етсiн.
     
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады