"1995 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 шiлдедегi N 2366 қаулысын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қ А У Л Ы С Ы 1995 жылғы 5 қыркүйек N 1226

      "1995 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 шiлдедегi N 2366 K952366_ қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi:
      тарихи отанына қайтып оралуға тiлек бiлдiрген босқын-репатрианттардың көшiп келуiн белгiленген квота шегiнде ұйымдастырсын;
      Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорынан босқын-репатрианттардың отбасыларының көшiп келуiн оларды қабылдауды, жайғастыруды және бейiмделуiн ұйымдастыруға байланысты шараларды жүзеге асыру үшiн көзделген қаражатты бөлсiн;
      көшiп келушiлер отбасыларының еңбекке жарамды ересек мүшелерiн олардың бiлiктiлiгi мен мамандығына, сондай-ақ даярлануы мен қайта даярлануына қарай жұмыспен қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын;
      министрлiктер мен ведомстволардың босқын-репатрианттардың көшiп келуiн және жайғастырылуын ұйымдастыру жөнiндегi жұмысын үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
      2. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:
      босқын-репатрианттар отбасыларының қабылдануын, жайғастырылуын және оларға қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасалуын қамтамасыз етсiн;
      босқын-репатрианттардың отбасыларына, халықтың тиiстi санаттары үшiн Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тұрғын үй, отын, электр энергиясы, коммуналдық және басқа да қызметтерге ақы төлеу жөнiнде жеңiлдiктер қолданылсын;
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi үкiметтiң дипломатиялық арнасы бойынша көшiп келушiлер шығатын және транзитпен жүрiп өтетiн мемлекеттердiң үкiметтерiне тиiстi елдер арқылы өткен кезде жәрдем беру туралы хабар берсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi,"Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiмен бiрге көшiп келушiлер мемлекеттiң аумағынан бастап қоныстану аймағына дейiн адамдарды және олардың мүлiктерiн көшiру тәртiбiн анықтасын.
      5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi көшiп келушiлер шығатын және транзитпен жүрiп өтетiн мемлекеттердiң тиiстi органдарымен бiрге адамдарды және олардың жеке мүлiктерiн, сондай-ақ малын шекаралық пункттерден жедел түрде өткiзу мәселелерiн пысықтасын. Қажет болған жағдайда қосымша уақытша бақылау-шекаралық тексеру органын ұйымдастырсын.
      6. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:
      Қазақстан аймағына келген кезiнде және орналасатын жерiнде көшiп келушiлердiң және олардың мүлiктерiнiң қауiпсiздiгiн;
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға тiлек бiлдiрген азаматтығы жоқ адамдардың құжаттарын дер кезiнде ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi қажет болған жағдайда басқа мемлекеттерден келетiн босқын-репатрианттарға дәрiгерлiк тексерiс жасауды ұйымдастырып, оларға қажеттi дәрiгерлiк көмек көрсетсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi босқын-репатрианттардың балаларын тиiстi оқу орындарында оқытуды, сондай-ақ ересек адамдардың ана тiлiнде сауатын ашуды жеңiлдiк жасалған жағдаймен ұйымдастырсын, қажет болған жағдайда қосымша кластар мен мектептер ашсын.
      9. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 шiлдедегi N 2366 қаулысын және осы қаулыны орындау жөнiнде қабылданған шаралар туралы 1996 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ақпарат тапсырсын.
  Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады