Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары мен құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларының мөлшерiн көбейту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 6 қазан N 1308. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.12.25. N 1620 қаулысымен.

      "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120 Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2371 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары мен құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын көбейту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 шiлдедегi N 945 қаулысына сәйкес қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары мен құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларына 1995 жылғы 1 қазаннан бастап түзетiлген есеп айырысудың 1,07 коэффициентi қолданылсын.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады