Өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығын дамытуды ынталандыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 6 қазандағы N 1311 қаулысы

      Ескерту. 7 тармағынан басқасының күшi жойылды - ҚР Үкіметінің
2003.03.17. N 258 қаулысымен.

      Өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығындағы кәсiпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
     1. <*>
     2. <*>
     3. <*>
     4. <*>
     Ескерту. 1,2-тармақтарының, 4-тармағындағы 1,2-абзацтарының
күшi жойылған - ҚР Үкiметiнiң 1996.01.26. N 102 қаулысымен.
      Ескерту. 3,4-тармақтарының күшi жойылған - ҚР Үкiметiнiң 1998.05.13. N 431 қаулысымен.
     5. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      электр энергиясының аймақтық тарифтерiнiң бiр апта мерзiмде қайта қаралуын қамтамасыз етсiн, мұнда электр энергиясының тұтынушыларға жеткiзiлуiнiң технологиялық ерекшелiктерi, аймақтардың арасындағы айырмашылықтың азайғаны ескерiлсiн;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы табиғи монополист-кәсiпорындардың атаулы мемлекеттiк тiзбесiне енгiзiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шығындарының құрамы мен пайдасын пайдалануына жеке бақылау жасауын қамтамасыз етсiн;
      Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп коммуналдық қызмет шығындарының деңгейiн бақылауға алсын;
      жүргiзiлген жұмыс туралы Үкiметке 1995 жылдың 1 желтоқсанына дейiн баяндасын.
      6. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп селолық жерлерде электр энергиясын тұтынудың: тауар өндiрушi, әлеуметтiк сала, халық санаттары бойынша жеке есепке алынуын 1996 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң электр және жылу энергиясына жеңiлдiктi тарифтер жөнiндегi бұрын қабылданған шешiмдерiнiң қосымшаға сәйкес күшi жойылған деп танылсын. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
1995 жылғы 6 қазандағы     
N 1311 қаулысына       
қосымша              

      Үкiметтiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
                        ТIЗБЕСI

      1. "Қазақстан Республикасында туризм мен спортты дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 сәуiрдегi N 369 қаулысының алтыншы тармағы;
      2. "Нарықтық қатынастарға көшу кезеңiнде мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының бұқаралық ақпарат құралдарын, мемлекеттiк кiтап басу iсiн қорғау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 26 маусымдағы N 556 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 25, 398-құжат) төртiншi тармағы;
      3. "Қарағанды металлургия комбинатының жұмысын тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 27 желтоқсандағы N 1472 қаулысының сегiзiншi тармағы;
      4. "Павлодар өнеркәсiп-қаржы альянсы" салааралық өндiрiстiк-шаруашылық шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1122-қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 42, 456-құжат) бекiтiлген "Павлодар өнеркәсiп-қаржы альянсы" салааралық өндiрiстiк-шаруашылық ассоциациясы туралы" Ереженiң он төртiншi тармағындағы бесiншi абзац;
      5. Қазақстан Республикасы Премьер-министрi орынбасарының 1995 жылғы 10 ақпандағы N 8-2 өкiмiнiң бiрiншi және екiншi тармақтары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады