Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 17 қаулысымен бекiтiлген Халықаралық қайта жаңарту және Даму банкiнiң техникалық көмек заемы қаржысын қайта бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 13 қазан N 1329. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.09.25. N 1168 қаулысымен.


      Қазақстан Республикасына берiлген Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң техникалық көмек заемы қаржысын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 38,0 /отыз сегiз/ млн. АҚШ доллары мөлшерiндегi техникалық көмек заемы қаржысын бөлу қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетi:
      заемды жүзеге асыруды жалпы үйлестiру мен тауарлар және қызметтердi сатып алуға бақылау жасауды Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң ережелерiне сәйкес жүзеге асырсын;
      заемның қаржысын пайдалану есебiн жүргiзсiн және осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiне есеп берсiн;
      заем қаржысын бөлудегi өзгерiстер туралы Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiне хабарласын.
      3. Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi заем бойынша төлемдердi жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне апта сайын заем қаражатының пайдаланылуы туралы банк жазбаларының көшiрмелерiн берiп тұрсын.
      4. Қосымшада көрсетiлген жауапты ұйымдар:
      заемның қаржысына алынған тауарлар мен қызметтерге есеп жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тоқсан сайын есеп берсiн;
      ай сайын консультанттардан есеп алып, iстелген жұмыстың тиiмдiлiгiн көрсететiн iлеспе хатпен оларды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк комитетке жiберсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi мен Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi үшiн техникалық заем шеңберiнде бөлiнген қаржыны республикалық бюджеттiң кiрiсiне қайтару туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен Келiсiм жасасын.
      6. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң техникалық көмек

заемын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер 
Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 17 қаулысына қосымша:
     "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы
4 қаңтардағы N 17 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу 
туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы
6 ақпандағы N 116 қаулысы.

     Қазақстан Республикасының 
       Премьер-министрi


                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкiметiнiң
                                            1995 жылғы 13 қазандағы
                                                N 1329 қаулысына   
                                                    қосымша

          Техникалық көмек заемы қаржысын пайдалану
                 бағыттары бойынша бөлу 

________________________________________________________________
     Жауапты      |        Мақсаты                 |АҚШ доллары
     ұйымдар      |                                |бойынша құны
__________________|________________________________|____________
        1         |               2                |     3
__________________|________________________________|____________
Қазақстан           Жаппай акционерлендiру және
Республикасының     жаппай жекешелендiру бағдарлама.
Мемлекеттiк мүлiктi сын қолдау үшiн кадрлар даярлау
басқару жөнiндегi   және консультациялық қызметтер   110 000
мемлекеттiк
комитетi
                    Жекешелендiру саласында жеке
                    жобалар бойынша консультациялық
                    қызметтер мен кадрлар даярлау    400 000

Қазақстан           Ауыл шаруашылығын жекешелендiру
Республикасының     саласындағы консультациялық
Жекешелендiру       қызметтер                        500 000
жөнiндегi мемлекет.
тiк комитетi
                    Мемлекеттiк акциялар пакетiнiң
                    бiр бөлiгiн ақша саудаласпасында
                    сату процестерiн қолдауға
                    арналған шығыстар                1200 000

Қазақстан           Монополияға қарсы күрес және
Республикасының     бәсекенi қолдау саясаты 
Баға және монополия.саласындағы консультациялық
ға қарсы саясат     қызметтер                        500 000
жөнiндегi мемлекет.
тiк комитетi
                    Компьютерлер мен жабдықтар
                    сатып алу                        100 000

Қазақстан           Шетелдiк күрделi қаржыларды
Республикасының     реттеу саласындағы 
Министрлер Кабинетi консультациялық қызметтер
жанындағы Шетел     және оларға жәрдем беру          415 000
капиталын пайдалану
жөнiндегi комитет
                    Қызметкерлер мен шетелдiк 
                    консультанттардың жұмыс
                    орындарын жабдықтау және
                    безендiру                        800 000
  
                    Қызметкерлердiң оқу бағдарлама.
                    ларына, семинарларға, конферен.
                    цияларға және мәжiлiстерге
                    қатысуы                          120 000

                    Шетел баспасөзiнде ақпараттық
                    және жарнамалық материалдар
                    жариялау                         300 000

Қазақстан           Тау-кен өнеркәсiбi мен 
Республикасының     металлургияның жеке меншiк
Геология және жер   секторын дамытуға жәрдем беру
қойнауын қорғау     үшiн консультациялық қызметтер   50 000
министрлiгi
                    Компьютерлер мен жабдықтар алу   200 000

Қазақстан           Ұйымдардың арасындағы төлемдер
Республикасының     жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру
Ұлттық Банкi /қай.  мақсатындағы консультациялық
тарымды негiзде/    қызметтер                        500 000

                    Он iрi банктi қаржылық және 
                    операциялық диагностикалық
                    зерделеу үшiн консультациялық
                    қызметтер                        2 600 000

                    Бухгалтерлiк есептiң банк
                    жүйесiн реформалау мақсатындағы
                    консультациялық қызметтер        300 000

                    Жергiлiктi банк бақылауын 
                    ұйымдық жағынан дамыту үшiн
                    кадрлар даярлау және
                    консультациялық қызметтер        1 000 000

                    Банк заңдарын жасау мақсатындағы
                    консультациялық қызметтер        500 000
 
                    Банк қызметшiлерiнiң кәсiби 
                    даярлығы                         150

                    Компьютерлер мен жабдықтар
                    сатып алу                        5 800 000

Қазақстан           Сыртқы заемдар мен борыштарды
Республикасының     есепке алуды жетiлдiру мәселелерi
Қаржы министрлiгi   бойынша консультациялық қызметтер
                    және кадрлар даярлау             1 000 000

                    Компьютерлер мен жабдықтар 
                    сатып алу                        1 000 000

Қазақстан           Халықты жұмыспен қамтамасыз ету 
Республикасының     саласындағы консультациялық
Еңбек министрлiгi   қызметтер мен кадрлар даярлау    85 000

                    Компьютерлер мен жабдықтар
                    сатып алу                        160 000

Қазақстан           Әлеуметтiк қамтамасыз ету 
Республикасының     қызметi үшiн консультациялық
Халықты әлеуметтiк  қызметтер                        440 000
қорғау министрлiгi
                    Компьютерлер мен жабдықтар
                    сатып алу                        160 000

Қазақстан           Кедейлiкке және халықтың табыс
Республикасының     табуын қолдау жөнiндегi 
Статистика және     бағдарламаны жүзеге асыруға
талдау жөнiндегi    бақылауды жақсарту үшiн
мемлекеттiк         консультациялық қызметтер        450 000    
комитетi
                    Компьютерлер мен жабдықтар
                    сатып алу                        250 000

                    Ақпараттық бағдарлама-техникалық 
                    кешенiн құру үшiн жабдықтар
                    сатып алу                        1 800 000

Қазақстан           Денсаулық сақтау жүйесiн 
Республикасының     реформалау мақсатында
Денсаулық сақтау    консультациялық қызметтер        575 000
министрлiгi              
                    Компьютерлер мен жабдықтар
                    сатып алу                        25 000

Қазақстан           Мемлекеттiк сектор басшылығының 
Республикасының     кәсiби даярлығы                  1 100 000
Экономика  
министрлiгi
                    Кәсiпорындар әкiмшiлiктерiнiң
                    кәсiби даярлығы                  1 100 000
                                
                    Компьютерлер мен жабдықтар
                    сатып алу                        500 000

Президенттiң        Компьютерлер мен жабдықтар
Аппараты            сатып алу                        500 000

Үкiметтiң           Компьютерлер мен жабдықтар
Аппараты            сатып алу                        500 000

Қазақстан           Қолданылып жүрген заңдарды
Республикасының     реформалау мақсатында
Әдiлет министрлiгi  консультациялық қызметтер және
                    кадрлар даярлау                  1 950 000

                    Компьютерлер мен жабдықтар
                    сатып алу                        200 000

Қазақстан           Қоршаған ортаны қорғау 
Республикасының     мәселелерi бойынша 
Экология және       консультациялық қызметтер        1 475 000
биоресурстар 
министрлiгi
                    Компьютерлер мен жабдықтар
                    сатып алу                        140 000

Қазақстан Респуб.   Ұйымдық даму үшiн 
ликасының мемлекет. консультациялық қызметтер        300 000
тiк Медетшi банкi    

Қазақстан Респуб.   Банктi компьютерлендiру жоспарын
ликасының мемлекет. жүзеге асыру үшiн компьютерлер
тiк Экспорт-импорт  мен жабдықтар және консалтингтiк
банкi /қайтарымды   қызметтер сатып алу              500 000
негiзде/

Қазақстан Респуб.   Халықаралық Қайта жаңарту және
ликасының Министр.  Даму банкi /ХҚДБ/ ережелерiне
лер Кабинетiнiң     сәйкес сатып алу мәселелерi
жанындағы Шетел     жөнiндегi консультациялық 
капиталын пайдалану қызметтер және кадрлар даярлау   1 700 000
жөнiндегi комитет
                    Халықаралық Қайта жаңарту және
                    Даму банкi /ХҚДБ/ ережелерiне 
                    сәйкес төлемдер мәселелерi
                    жөнiнде консультациялық 
                    қызметтер және кадрлар даярлау   750 000

                    Жаңа жобаларды әзiрлеу және 
                    жүзеге асыруға байланысты 
                    шығыстар                         95 000

                    Жобаларды жүзеге асыруға жауапты
                    қызметкерлердiң оқу бағдарлама.
                    рына, семинарларға, конференция.
                    ларға және мәжiлiстерге қатысуы  50 000   

                    Компьютерлер мен жабдықтар
                    сатып алу                        40 000

                    Жобаларды жүзеге асыруға
                    байланысты жергiлiктi шығыстар   150 000

                    Жобалар бойынша есепшоттарды
                    тексеруге байланысты шығыстар    100 000

Резервтiк қор                                        5 359 500
        
                            
                                                     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады