Авиация техникасын алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 23 қазандағы N 1378

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы Шартты және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қазақстан Республикасының аумағынан Ресей Федерациясының аумағына әкетiлген қару-жарақ пен авиациялық техника үшiн өтем туралы 1995 жылғы 24 маусымдағы Келiсiмдi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне Ресей Федерациясының Қарулы Күштерiнiң құрамынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрамына 1995 жылдың соңына дейiн 21 МиГ-29 ұшағын, 14 Су-25 ұшағын, 4 Су-27 ұшағын, 4 Су-27УБ ұшағын, 1996 жылдың қаңтар - желтоқсанында 14 Су-27 ұшағын, 4 Су-27УБ ұшағын және 1997 жылдың қаңтар - шiлдесiнде 12 Су-27 ұшағын алуға рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi

авиация техникасын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға
лицензиялар берсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi кедендiк 
құжаттарды ресiмдеудi авиация техникасын әкелуге кеден бажын
алмай ресiмдейтiн болсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
       
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады