"Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк қоғамын жекешелендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 17 қарашадағы N 1564

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк қоғамын реформалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 17 қазандағы N 1338 P951338_ қаулысымен құрылған "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк қоғамын жекешелендiру жөнiндегi комиссияның "Ипат Интернешнл (ЮК) Лимитед" компаниясын "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының қаражаттарын сату конкурсының жеңiмпазы деп жариялау туралы шешiмi бекiтiлсiн.
      Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы Ә.К.Өтеповке Қазақстан Республикасының атынан "Ипат Интернешнл (ЮК) Лимитед" компаниясымен "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының қаражаттарын жекешелендiру туралы шартқа, қаражатты сатып алу-сату шартына және басқа да қажеттi контрактiлер мен құжаттарға қол қою өкiлеттiгi берiлсiн.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмдi жүзеге асыру мақсатында құрылған "Ипат Интернешнл (ЮК) Лимитед" компаниясына, "Ипат-Кармет" компаниясына және берiлген мемлекеттiк кепiлдiктер жөнiндегi Қазақстан Республикасы бұрынырақ қабылдаған мiндеттемелер расталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының қатысуымен комбинаттың мүлкiн "Испат-Кармет" компаниясына берудi белгiленген тәртiппен аяқтасын және бұл берудiң қажеттi тiркелуi 1995 жылғы 31 желтоқсанынан кешiктiрiлмесiн.
      Мұның өзiнде "Испат-Кармет" компаниясы кәсiпорынның тек қаражаттарын ғана қабылдайды және Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiмге сәйкес комбинаттың шұғыл қарыздарын өтеуге 50 миллион АҚШ жолдары көлемiнде қаржы бередi. Комбинаттың борыштық мiндеттемелерi жөнiнде басқа мәселелердi Қазақстан Республикасының Үкiметi құрған қарыздары жөнiндегi комиссия қарайды.
      3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарында қаралуға "Испат-Кармет" компаниясы қызметiнiң барлық мәселелерi жөнiндегi кәсiпорынның жұмысына жергiлiктi мемлекеттiк органдардың заңдары жүредi деп белгiленсiн.
      Алғашқы кезеңде кәсiпорынның қалыпты жұмысты ұйымдастыруда "Ипат Интернешнл (ЮК) Лимитед" компаниясына көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Н.Қ.Есенғариннiң басшылығымен бейiмдеу жөнiндегi комиссия құрсын. Бейiмдеу жөнiндегi комиссияға мемлекеттiк органның қызметiн үйлестiру, "Испат Интернешнл (ЮК) Лимитед" компаниясының басшылығымен қатынастар мен байланыстарды қолдау жүктелсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне "Испат-Кармет" компаниясы меншiгiнiң сақталуы жөнiнде жұмысты жалғастырып, кәсiпорынның қауiпсiздiгiн ұйымдастыру мәселелерiн шешуде контрактiлiк негiзде қажеттi көрсету тапсырылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен органдары "Испат-Кармет" компаниясының өтiнiштерiн қарап, байланыс аппаратурасын орнату, көлiк құралдарын беру үшiн қажеттi рұқсаттарды берiп, сондай-ақ өздерiнiң құзырына жататын басқа да мәселелердi шешсiн.
      6. Министрлiктер мен ведомстволарға, сондай-ақ жергiлiктi мемлекеттiк органдарға "Испат-Кармет" компаниясына қалыпты қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi барлық рұқсаттарды, тiркеу және қайта тiркеу туралы куәлiктердi, рұқсаттамаларды және лицензияларды беру тапсырылсын.
      "Испат-Кармет" компаниясының комбинаттың өнiмiн сатуға контрактiлерi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнде тiркеуге жатпайтын расталсын.
      7. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауд министрлiгiне, Қаржы министрлiгi мен мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне Жапонияның Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен, Жапонияның Эксимбанкiмен және "Иточу" фирмасымен "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк қоғамында кокс тазалау жөнiндегi цехтың құрылысы жобасы туралы келiссөз жүргiзу тапсырылсын.
      8. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк

қоғамын реформалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1995 жылғы 6 қарашадағы N 1462 қаулысы.
     Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Үкiметтiң
актiлерiн осы қаулымен сәйкес келтiру туралы ұсыныстарды Қазақстан
Республикасының Үкiметіне бiр ай мерзiмде енгiзсiн.
     9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Н.Қ.Есенғаринге
жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады