Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарын басқару туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 27 қараша N 1598. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1321 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы  N 1321  Қаулысымен.

      Үкiметтiң реформа тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөнiндегi iс-қимылдары Бағдарламасына сәйкес, бәсекелестiктi дамыту мен жекешелендiру процестерiн жеделдету мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк актiлерiн Қазақстан Республикасының азаматтық Кодексiне (жалпы бөлiм) сәйкес келтiру қажеттiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары мен ондағы ғимараттары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiгi болып табылады және экономика мен халықтың көлiк байланыстарына қажетiн, сондай-ақ қорғаныс және жұмылдыру шараларын қамтамасыз етуге арналады деп белгiленсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жол шаруашылығы мәселелерiн мемлекеттiк реттеудi жергiлiктi өкiлдiк және атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасап жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады деп айқындалсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi: 
      "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясынан оның құрамына кiрген акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акция пакеттерi мен мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын қайтып алсын; 
      "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына кiрген акционерлiк компаниясының құрамына кiрген акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акция пакеттерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сатуға берсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына кiрген мемлекеттiк және бiрлескен кәсiпорындардың, оның iшiнде "Қазселденқорғау" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң және Алматы қаласының тұрғын үй және қызметүйлерi басқармасының мемлекеттiк мүлкiн басқару мәселелерiн шешсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп екi ай мерзiм iшiнде "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына кiрген акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк мүлкi негiзiнде қосымшаға сәйкес, жол қоры қаржысы есебiнен кәсiпорындардың пайдалану және басқа шығындарын қаржыландырып, автомобиль жолдарының қазыналық кәсiпорындарын құру тапсырылсын. 
      6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясымен бiрлесiп "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына кiретiн акционерлiк қоғамдар орналасқан үй-жайларға осы қаулыға қосымшада көрсетiлген қазыналық кәсiпорындарды орналастырсын. 
      7. Автомобиль жолдарының қазыналық кәсiпорындары "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына кiрген акционерлiк қоғамдардың 1995 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi жағдайы бойынша ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары мен ондағы ғимараттарды балансқа қабылдасын. 
      8. Ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарын қаржыландыру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 
      9. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп екi ай мерзiм iшiнде Үкiметтiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзсiн. 
      10. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: 
      "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын орындау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 тамыздағы N 675 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 32, 367-бап);
     "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 қыркүйектегi N 934 қаулысы.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                       1995 жылғы 27 қарашадағы
                                          N 1598 қаулысына
                                                  қосымша

          Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
       министрлiгi жанындағы Автомобиль жолдары департаментiнiң
                 құрылатын қазыналық кәсiпорындарының
                            Т I З Б Е С I
________________________________________________________________
 N     Кәсiпорынның     атауы              |   Орналасқан жерi
___________________________________________|____________________
     Алматы автомобиль жолдары қазыналық     Алматы қаласы
     кәсiпорны (Алматыавтожолы)

     Ақмола автомобиль жолдары қазыналық     Ақмола қаласы
     кәсiпорны (Ақмолаавтожолы)

     Ақтөбе автомобиль жолдары қазыналық     Ақтөбе қаласы
     кәсiпорны (Ақтөбеавтожолы)

     Атырау автомобиль жолдары қазыналық     Атырау қаласы
     кәсiпорны (Атырауавтожолы)

     Шығыс Қазақстан автомобиль жолдары      Өскемен қаласы
     қазыналық кәсiпорны (Шығысавтожолы)

     Жамбыл автомобиль жолдары қазыналық     Жамбыл қаласы
     кәсiпорны (Жамбылавтожолы)

     Жезқазған автомобиль жолдары қазыналық  Жезқазған қаласы
     кәсiпорны (Жезқазғанавтожолы)

     Орал автомобиль жолдары қазыналық       Орал қаласы
     кәсiпорны (Оралавтожолы)

     Қарағанды автомобиль жолдары қазыналық  Қарағанды қаласы
     кәсiпорны (Қарағандыавтожолы)

     Қызылорда автомобиль жолдары қазыналық  Қызылорда қаласы
     кәсiпорны (Қызылордаавтожолы)

     Көкшетау автомобиль жолдары қазыналық   Көкшетау қаласы
     кәсiпорны (Көкшетауавтожолы)

     Қостанай автомобиль жолдары қазыналық   Қостанай қаласы
     кәсiпорны (Қостанайавтожолы)

     Маңғыстау автомобиль жолдары қазыналық  Ақтау қаласы
     кәсiпорны (Ақтауавтожолы)

     Павлодар автомобиль жолдары қазыналық   Павлодар қаласы
     кәсiпорны (Павлодаравтожолы)

     Петропавл автомобиль жолдары қазыналық  Петропавл қаласы
     кәсiпорны (Петропавлавтожолы)

     Семей автомобиль жолдары қазыналық      Семей қаласы
     кәсiпорны (Семейавтожолы)

     Талдықорған автомобиль жолдары          Талдықорған қаласы
     қазыналық кәсiпорны
    (Талдықорғанавтожолы)

     Торғай автомобиль жолдары қазыналық     Арқалық қаласы
     кәсiпорны (Торғайавтожолы)

     Шымкент автомобиль жолдары қазыналық    Шымкент қаласы
     кәсiпорны (Шымкентавтожолы)

     Инжинирингавтожолы қазыналық кәсiпорны  Алматы қаласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады