Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 желтоқсан N 1795. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.18. N 1548 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 40 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiне төрағаның 1 орынбасарын, сондай-ақ саны 7 адам алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және

сертификаттау жөнiндегi орталық аппараты үшiн 2 қызметтiк жеңiл
автомобиль лимитi белгiленсiн.
     4. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитеттiң
орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 7 қазандағы N 1125 қаулысының күшi
жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Үкiметiнiң 1995 жылғы
                                       19 желтоқсандағы
                                       N 1795 қаулысына
                                        Қосымша
<*>

     ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.08.06.
              N 973 қаулысымен.
 
            Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және
            сертификаттау жөнiндегi комитетi орталық аппаратының
                               ҚҰРЫЛЫМЫ
     Басшылық
     Мемлекеттiк стандарттау жүйесi мен заң шығару метрологиясы
     басқармасы
     Стандарттарды мемлекеттiк қадағалау және лицензиялау
     басқармасы
     Қаржы және бухгалтерлiк есеп басқармасы
     Кадр және арнаулы жұмыстар бөлiмi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады