Телекоммуникациялар жүйесiн жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған Германия кредитi бойынша берешек сомасына есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 30 желтоқсандағы N 1899

      Облыстар мен "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясы телекоммуникациялар жүйесiн жаңғырту және кеңейту жобасы жөнiндегi Германия кредит желiсi бойынша республикалық бюджетпен берешектi өзара өтеу қажеттiгiне байланысты, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120 Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2371 Заң күшi бар Жарлығында қарастырылған, аталған кредит бойынша берешектi өтеуге арналған 971 826 мың теңге сомасындағы шығындар, телекоммуникациялар жүйесiн жаңғырту және кеңейту жөнiндегi 411 389 мың теңге сомасындағы облыстардың сыртқы борышын жабу, сондай-ақ 560 437 мың теңге сомасындағы мемлекеттiк теледидар мен радио хабарлары бағдарламаларын таратуды бөлу жөнiндегi байланыс қызметтерiн төлеу үшiн валюта сатып алуға 1995 жылға арналған республикалық бюджетте

қарастырылған шығындарға есептелiп, Германия кредитi бойынша
есептеме жүргiзiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi есептеменiң сомасын
республикалық бюджетте бюджет жiктемесiнiң тиiстi бөлiмдерiне сәйкес
көрсетсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады