Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 шiлдедегi N 974 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 5 қаңтар N 15. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.31. N 1747 қаулысымен. ~P961747

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн акциздеуге жататын тауарларға және құмар ойындар бизнесiне арналған акциздердiң ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 шiлдедегi N 974 P950974_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 281-құжат) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
      "Ататын және газ қаруы (мемлекеттiк өкiмет органдары үшiн сатып алынғандардан басқа)" деген жолдағы "40" саны "20" санына алмастырылсын.
      2. Ататын және газ қаруына (мемлекеттiк өкiмет органдары үшiн сатып алынғандардан басқа) белгiленген акциздер ставкасы 1996 жылғы 10 қаңтардан бастап қолданылады.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады