Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн машина жасау өнiмiмен қамтамасыз ету жөнiнде лизинг қорын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 29 қаңтар N 117

      "Елдегi селоны және агроөнеркәсiп кешенiн 1996-1997 жылдары мемлекеттiк қолдау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Президенттiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Жарлығын және "Агроөнеркәсiп кешенiн лизинг негiзiнде машина жасау өнiмдерiмен қамтамасыз етудi ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 1851 P951851_ қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанынан агроөнеркәсiп кешенiн машина жасау өнiмiмен қамтамасыз ету жөнiнде Ауыл шаруашылығын мемлекеттiк қолдау қоры құрамында лизинг қоры құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн машина жасау

 

өнiмiмен қамтамасыз ету жөнiндегi лизинг қоры туралы қоса берiлiп

отырған Ереже бекiтiлсiн.

     3. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн машина жасау

өнiмiмен қамтамасыз ету жөнiндегi лизинг қорына мемлекеттiк бюджет

қаражаты жiберiлетiн болып белгiленсiн.

     4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен

Қаржы министрлiгi лизинг қоры қаражатының мақсатты пайдаланылуына

бақылау жасасын.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Үкiметiнiң 1996 жылғы

                                        29 қаңтардағы N 117

                                            қаулысымен

                                            бекiтiлген


        Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн машина

      жасау өнiмiмен қамтамасыз ету жөнiндегi лизинг қоры туралы

                              ЕРЕЖЕ



 
       Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн машина жасау өнiмiмен қамтамасыз ету жөнiндегi лизинг қоры (бұдан әрi - лизинг қоры) туралы осы ереже Реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл бағдарламасына сәйкес әзiрлендi және ол лизинг қорының қалыптасу және түрлi меншiк нысанындағы ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң техникалық жарақтану деңгейiн көтеруге арналған қаражатты жұмсау тәртiбiн айқындайды.
      1. Лизинг қоры Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн машина жасау өнiмiмен қамтамасыз ету жөнiндегi лизинг операцияларын жүргiзедi және ол ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасының орындалуына жәрдемдесуге арналған.
      2. Лизинг қоры өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заң актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Лизинг қорына арнайы есеп шотын ашатын Ауыл шаруашылығын қолдаудың мемлекеттiк қоры қызмет көрсетедi, мұнда лизинг операцияларына бағытталатын бюджеттiк және басқа қаражаттар шоғырландырылады.
      4. Лизинг қорының негiзгi қызметi:
      Ауыл шаруашылығын машина жасау өнiмiмен лизингтiк негiзде қамтамасыз етудiң тәртiбiн және оны жүзеге асыру тетiгiн әзiрлеу;
      конкурстық негiзде лизинг берушi қызметiн атқаратын ұйымдарды iрiктеу;
      номенклатураларды және лизинг берушiлер бойынша машина жасау өнiмiнiң лизингiне қарай өнiм берудiң сомалық көлемдерiн бекiту;
      қаржыландыруға қабылданған шаралардың орындалуына және лизинг қоры қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру.
      5. Лизинг қорын құрудың көздерi мыналар болып табылады:
      мемлекеттiк бюджеттiң ауыл шаруашылығын дамытуға бөлiнген мемлекеттiк бюджет қаржысы, операциялық шығыстарға жұмсалатынынан басқасы;
      шетелдiк кредиттер;
      жеңiлдiктi кредиттер, коммерциялық банктердiң капиталы;
      шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өз қаржысы.
      6. Лизинг қорынан қаржыландыру қордың комиссиясы айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады.
      7. Лизинг қорына мынадай құқықтар берiледi:
      бұл мақсатқа жергiлiктi қаржы органдарының қызметкерлерiн тартып, лизинг берушiлердiң, лизинг алушылардың қызметi мен қаржының мақсатты пайдаланылуына тексерiс жүргiзудi белгiлеу;
      лизинг берушiлер мен барлық меншiк нысанындағы ауыл шаруашылығы кәсiпорындарына қажеттi ақпарат пен есеп алу.
      8. Лизинг шараларын қаржыландыруға бөлiнген қаржының мақсатынан тыс және тиiмсiз пайдаланылуы, сондай-ақ қойылған мақсатқа қол жеткiзу мүмкiн еместiгi анықталған жағдайда лизинг қоры бұл шараларды қаржыландыруды тоқтатады.
      Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шығынды өтеуi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi.
      9. Лизинг қорының қызметiне басшылық жасау үшiн оның құрамына Қаржы министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қазақ ауыл шаруашылығы академиясының өкiлдерi кiрiп, олармен келiсiп, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бекiтетiн комиссия құрылады.
      Лизинг қорының комиссиясы бiр жылға жасалған жоспар бойынша жұмыс iстейдi. Жоспарлардың жобалары қажеттiгiне қарай өткiзiлетiн лизинг қоры комиссиясының мәжiлiстерiнде бекiтiледi.
      Лизинг қорының комиссиясы:
      қордың қаржысын бөлудiң негiзгi бағыттары мен шарттарын айқындайды, шығындар сметасын бекiтедi;
      лизинг қорын құрау көздерi бойынша қаржының уақтылы және толық түсуiне, сондай-ақ бөлiнген қаржының мақсатты жұмсалуы мен қайтарылуына бақылауды жүзеге асырады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады