1996 жылдың егiнiнен мемлекетке астық сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 7 ақпан N 173

      1996 жылдың егiнiнен мемлекетке астық сатып алуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. 1996 жылдың егiнiнен мемлекетке астық сатып алу Бағдарламасы мақұлдансын (1 қосымша). 
      2. Мемлекеттiң азық-түлiк контракт корпорациясына 1996 жылғы егiннен мемлекеттiк ресурсқа астық сатып алу үшiн жалпы сомасы 165 миллион АҚШ долларына пара-пар вексель эмитентi ретiнде iс-әрекет етуге және вексельдердi қамтамасыз ету ретiнде өткен жылғы егiннiң мемлекеттiк ресурстағы 1 миллион тонна тағамдық астығын пайдалануға рұқсат етiлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып (келiсiмi бойынша) қаржы операторы ретiнде 1996 жылдың егiнiнен мемлекетке астық сатып алу жөнiндегi вексельдiк бағдарламаға қатысу құқығына ие болу үшiн үстiмiздегi жылдың ақпан айында екiншi дәрежелi банктер арасында тендер өткiзсiн және оның жеңiмпазын (жеңiмпаздарын) белгiлесiн. 
      Аталған тендердi өткiзу жөнiндегi Республикалық комиссияның құрамы бекiтiлсiн (2 қосымша). 
      4. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясының мемлекеттiк ресурстар астықтарын өткiзуден түскен таза пайдасы есебiнен құралатын қаржылық резерв қоры және Корпорацияның Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1995 жылғы 14 желтоқсандағы N 509 өкiмiне сәйкес жүргiзген астық қалдықтарын қайта бағалау сомалары, сондай-ақ республикалық бюджеттiң 1996 жылға мемлекеттiк ресурстарға астық сатып алу үшiн көзделген қаржылары вексельдiк кредиттi өтеу көздерi болып табылады деп белгiленсiн. 
      5. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы вексельдiк кредиттер берудi тең үлестермен (50 процент бойынша), екi мерзiмде, 1996 жылдың ақпан және маусым айларында жүзеге асырады деп белгiленсiн. Вексельдер-алынған мұнай өнiмдерiне, техникаларға, жабдықтарға, босалқы бөлшектерге, тұқымдарға, тыңайтқыштар мен химиялық өсiмдiк қорғау құралдарына тұтынушылар мен өнiм берушiлер арасында есеп айырысу үшiн, электр энергиясына, ауыл шаруашылығына көлiктiк және басқа қызметке төлем жасау үшiн пайдаланады. Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi алынған вексельдерге бiрiншi кезекте шартта белгiленген номенклатура мен көлемдерде мемлекеттiк ресурстарға астық берудi қамтамасыз етедi. 
      6. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы дайындау мекемелерi (астық компаниялары, акционерлiк қоғамдар, астық қабылдау кәсiпорындары) арасында конкурстық негiзде биржа арқылы 1996 жылдың егiнiнiң сатып алу көзделген астық көлемдерiн орналастыруды қамтамасыз етсiн. 
      Облыс әкiмдерi мемлекеттiк ресурстарға астық беруге биржаларда ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiмен шарт жасап, оларды биржаларда тiркеу жөнiнде дайындау мекемелерiне жәрдем көрсетсiн. 
      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне мемлекеттiк ресурстарға астық сатып алу жөнiндегi Бағдарламаны жүзеге асыруға мүмкiндiк жасайтын тиiстi шешiмдердi қабылдау ұсынылсын.
      8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi кәсiпорындарда жоғарыда аталған вексельдердiң бухгалтерлiк есепке алу тәртiбiн әзiрлеп, бекiтетiн болсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

                               Қазақстан Республикасы
                                    Үкiметiнiң
                               1995 жылғы 7 ақпандағы
                                 N 173 қаулысына
                                    1 қосымша

             1996 жылдың егiнiнен мемлекетке астық сатып алу
                              Бағдарламасы

      1. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы (бұдан әрi - Корпорация) 1996 жылғы егiннен мемлекеттiк ресурсқа астық сатып алу жөнiндегi вексельдiк бағдарламаны жүзеге асыру үшiн 165 миллион АҚШ долларына пара-пар сомаға мемлекеттiк ресурстан өткен жылдарғы егiннiң 1 миллион тонна тағамдық астығын пайдаланады. 
      2. 3 сыныпты жұмсақ бидайдың сатып алу бағасының ең төмен деңгейi ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнен, үстеме құнға салықты есептей отырып, АҚШ-тың 120 долларынан кем болмайтындай мөлшерге және дайындаушылардан бидайды сақтауға қойған кездегi АҚШ-тың 135 долларынан жоғары емес мөлшерге пара-пар сомада белгiленедi. 
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсiм бойынша басқа да дақылдардың, соттар мен өзге де сапалы астықтардың сатып алу бағаларын белгiлейдi.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының облыстары бойынша 1996 жылдың егiнiнен мемлекеттiк ресурстарға Корпорация арқылы тағамдық астық сатып алу жөнiндегi ниетi:
     Ақмола                   - 200 мың тонна
     Ақтөбе                   - 50 мың тонна
     Батыс Қазақстан          - 50 мың тонна
     Көкшетау                 - 150 мың тонна
     Қостанай                 - 290 мың тонна
     Солтүстiк Қазақстан      - 150 мың тонна
     Торғай                   - 180 мың тонна
     Алматы                   - 10 мың тонна (ақталмаған күрiш)
     Қызылорда                - 20 мың тонна (ақталмаған күрiш)

     Барлығы:                   1100 мың тонна
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен (келiсiмi бойынша) бiрлесе отырып қаржы операторы ретiнде мемлекетке астық сатып алу жөнiндегi вексельдiк бағдарламаға қатысу құқығына ие болу үшiн банктер арасында тендер өткiзедi. Қазақстан Республикасының Үкiметi тендер өткiзу жөнiндегi комиссияның құрамын бекiтедi. 
      Комиссия бiр апта мерзiм iшiнде екiншi дәрежелi банктер арасында тендер өткiзу ережесiн жасап, бекiтедi және олардың арасында тендер туралы ақпарат хабар таратады. 
      Корпорация тендер жеңiмпазы болған банкпен вексельдердi есепке алуды жүргiзуге шарт жасайды. 
      5. Корпорация Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен вексельдер шығару құқына лицензия алады және оларды дайындауға Бағалы қағаздар фабрикасымен шарт жасайды. 
      Вексельдер екi аралықпен: бiрiншiсi - 1996 жылдың ақпанында вексельдiк кредиттiң жалпы сомасының 50 процентiне және үстiмiздегi жылдың маусымында - 50 процентiне шығарылады. 
      6. Корпорация жергiлiктi атқарушы өкiметтiң жәрдемiмен 1996 жылдың ақпан айында мемлекеттiк ресурстарға астық жеткiзiп беруге биржаларда тiркеуден өткiзе отырып, конкурстық негiзде дайындау ұйымдарымен (астық компанияларымен, акционерлiк қоғамдармен, астық қабылдау кәсiпорындарымен) контракт жасауды ұйымдастырады. 
      Дайындау мекемелерi осы Бағдарламаның 2 тармағында көрсетiлген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 маусымдағы N 815 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк астық ресурстары туралы Ережесiне сәйкес, мемлекеттiк ресурстарға астық жеткiзiп беру үшiн ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiмен шарт жасайды. Бұл орайда мемлекеттiк ресурстарға астық жеткiзiп беру көлемдерi нақты шаруашылықта оны өндiрудiң жалпы көлемiнiң 25 процентiнен аспауы тиiс. Бұл көлем тауар өндiрушiнiң өзiнiң мүдделi өтiнiшi барысында және дайындаушының төлем мүмкiндiгi болғанда ұлғайтылуы мүмкiн. 
      Дайындау ұйымдары мен ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi жасалған контрактқа сай мiндеттемелердiң орындалуына мүлiк кепiлiмен, жер және басқа активтердi пайдалану құқығы бойынша кепiлдiк бередi. 
      7. Корпорация: 
      вексельдердi дайындау мекемелерiне бере отырып, кейiннен оларды жасалған контракттарға сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне берудi; 
      берiлген вексельдердiң айналымына және олардың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды; 
      шарттардың жасалу барысы туралы күн сайын ақпараттар жинауды және келешекте астық жеткiзiп беруге контракт жасаған әрбiр дайындау ұйымдарынан мемлекеттiк ресурстарға астық сатып алуды; 
      мемлекеттiк ресурстарға астық сатып алу жөнiндегi вексельдiк бағдарламаларды орындаудың түпкiлiктi қорытындыларын шығаруды қамтамасыз етедi. 
      8. Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi астық өндiруге қажеттi материалдық-техникалық ресурстар мен көрсетiлген қызметтер үшiн вексельдер арқылы өнiм берушiлермен есеп айырысады. 
      Өнiм берушiлер вексель үшiн материалдық-техникалық ресурстарды берудi жүзеге асырады, оларды банкке есеп беруге көрсетедi, сондай-ақ олар арқылы аралас өнiм берушiлермен олардың көрсеткен қызметтерi үшiн және басқа кредиторлармен есеп айырысады. 
      Банктер вексельдердi шығарылғаннан үш айдан кем емес уақыт өткен соң ғана қабылдауға құқылы. 
      Банктер вексельдердi кредит беру кезiнде кепiл ретiнде пайдалана алады. 
      9. Контракт жасаған және вексель алған ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi, бiрiншi кезекте, контрактта көрсетiлген номенклатура мен көлемдерде астық өндiрген дайындау ұйымдарымен есеп айырысады. 
      10. Дайындау мекемелерi астықты сатып алу аяқталғаннан кейiн оны белгiленген ретпен, алынған вексельдердi өтеу тәртiбiмен, контрактта көрсетiлген баға бойынша Корпорация балансына бередi. 
      11. Вексельдiк кредиттердi өтеу 1997 жылғы 1 маусымға дейiн Корпорацияның қаржылық резерв қоры мен мемлекеттiк ресурстарға және басқа да көздерге астық сатып алу үшiн 1996 жылдың республикалық бюджетiнде көзделген қаржылар есебiнен жүзеге асырылады.<*> 
      Қаржылық резерв қоры-вексельдердi қамтамасыз ету ретiнде көзделген 1 миллион тонна астықты, мемлекеттiк ресурстың басқа да астығын сатудан түскен Корпорацияның таза пайдасы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1995 жылғы 14 желтоқсандағы N 509 өкiмiне сәйкес, өткен жылдар егiнi астығының қалдықтарын Корпорация жүргiзген қайта бағалау сомалары есебiнен қалыптасады. 

      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1997.03.17. N 327  қаулысымен .

                               Қазақстан Республикасы
                                    Үкiметiнiң
                               1995 жылғы 7 ақпандағы
                                 N 173 қаулысына
                                   2 қосымша

           1996 жылдың егiнiнен мемлекетке астық сатып алу
           жөнiндегi вексельдiк  бағдарламаның эмитентi мен
           қаржы операторын белгiлеу үшiн банктер арасында
             тендер өткiзетiн республикалық комиссияның
                             Құрамы

     Романов А.Ф.         - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                            министрiнiң бiрiншi орынбасары, комиссия
                            төрағасы

                 Комиссия мүшелерi:

     Крещик В.А.          - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                            министрлiгiнiң Нарықтық құрылымдарды
                            болжау және жетiлдiру бас басқармасының
                            бастығы

     Менжулин Б.И.        - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
                            орынбасары

     Садықов Б.С.         - Мемлекеттiк азық-түлiк контракт
                            корпорациясының президентi

     Марченко Г.А.        - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
                            төрағасының орынбасары (келiсiмi
                            бойынша) 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады