Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 20 наурыздағы N 304 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 8 ақпандағы N 179

      Екiншi деңгейдегi банктердегi мемлекеттiк үлестердi жекешелендiру процесiн одан әрi жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Екiншi деңгейдегi банктердегi мемлекеттiк акция пакеттерiн басқаруды ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 20 наурыздағы N 304 P950304_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 9,

109-құжат) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
     2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "2. Екiншi деңгейдегi банктердiң жарғылық қорына акциялардың
мемлекеттiк бақылау пакеттерiмен қоса, қаражат және мүлiк енгiзген
мемлекеттiк кәсiпорындар мен кәсiпорындар, екiншi деңгейдегi
банктердiң жарғылық қорына енгiзiлген активтер сомаларына кемiтулер
жүргiзсiн".

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады