Жамбыл облысының фосфор саласы iшiндегi кәсiпорындарды дағдарыстан шығару жөнiндегi шаралар туралы<*> Ескерту. 2-тармақтың 2-абзацының, 4,5,6,7 және 8-тармақтарының қолданылуы тоқтатылған Қазақстан Республикасының айрықша шешiмiне дейiн - ҚР Үкiметiнiң 1996.04.11. N 424 қаулысымен. ~P960424

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 13 ақпан N 195

      Қалыптасқан дағдарысты жағдайды жеңу және Жамбыл облысының фосфор саласы iшiндегi кәсiпорындарды қаржы-экономикалық сауықтыру-мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi кәсiпорындардың қызметiн қаржыландыру жөнiндегi контракт мiндеттемелерiнiң орындалмауына байланысты "ЮТЭК-ЛУКойл" компаниясымен 1995 жылғы 28 тамыздағы N 25/95 фосфор саласындағы кәсiпорындарды басқаруға контрактiнi бұзсын.
      2. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1997.05.23. N 863
               қаулысымен. P970863_
      3. Мыналар құрылысын:
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары В.Л. Меттенiң төрағалығымен 1-қосымшаға сәйкес құрамда фосфор саласы iшiндегi кәсiпорындардың оңалтылған процедураларын жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын; <*>
      Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрiнiң орынбасары В.В. Шевелевтiң төрағалығымен 2-қосымшаға сәйкес құрамда кәсiпорындарды жедел басқару жөнiндегi комиссия құрылсын;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiктiң директоры Б.М. Имашевтiң төрағалығымен 3-қосымшаға сәйкес құрамда кәсiпорындардың қаржы жай-күйi мен борыштарын бағалау мен талдау жөнiндегi комиссия құрылсын;
      Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы Э.К. Өтеповтiң төрағалығымен 4-қосымшаға сәйкес фосфор саласы iшiндегi кәсiпорындарды жекешелендiру жөнiндегi комиссия құрылсын;
      Оған мыналар енгiзiлсiн:
      Комиссия Қазақстан Республикасының Үкiметiне Кәсiпорындардың

қаржы-шаруашылық қызметiн тұрақтандыру жөнiндегi бiрiншi кезектегi
шаралардың жоспарын он күн мерзiмде ұсынсын.
     Кәсiпорындардың өндiрiстiк әлеуетiн қалпына келтiру жөнiндегi
ұсыныстар;
     борыштар құрылымын талдау, оларды өтеу немесе мерзiмiн ұзарту
тетiгiн әзiрлеу;
     өндiрiстiк-шаруашылық және басқарудың ұйымдық құрылымын,
өндiрiстiң сегментациясын жетiлдiру;
     жекешелендiрудi одан әрi дайындау және жүргiзу жөнiндегi
ұсыныстар.
     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.05.23. N 864 
              қаулысымен.  

P970864_

 
     4. Кәсiпорындар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi
банкiне банктiк қызмет көрсетуге берiлсiн.


      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi кәсiпорындардың мемлекеттiк және орналастырылмаған акциялар пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқықтарын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк, мемлекеттiк Медетшi банкi және Кәсiпорындарды сауықтыруды жүргiзудiң жеке жоспарын екi апта мерзiмде әзiрлесiн.
      7. М.Д. Атабаев Кәсiпорындардың Сенiмдi басқарушысы болып тағайындалсын.
      Сенiмдi басқарушы М.Д. Атабаевқа, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Медетшi банкi басқармасының төрағасы Т.М. Манақбаевқа төлем-есеп айырысу және жөнелту құжаттарына қол қою құқығы берiлсiн.
      Кәсiпорындарды жедел басқару жөнiндегi комиссияға Кәсiпорындардың қаржы тәртiбiн, олардың кадр құрамын нығайту жөнiнде шаралар қабылдап, қолданыстағы заңдарға сәйкес қызметкерлердiң санын, штатын белгiлеу және қажет болған жағдайда кадрларды ауыстыруды жүргiзу тапсырылсын.
      8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi қайта ұйымдастыру процедуралары жүргiзiлетiн кәсiпорындарға қажеттi бiр айлық кредит лимитiн олардың қоймаларындағы дайын өнiм көлемiнiң 85 процентi есебi негiзiнде, соның iшiнде бiрiншi кезектегi ретпен 975 (тоғыз жүз жетпiс бес) млн. теңге белгiленсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Жамбыл облысының әкiмi заңда белгiленген тәртiппен акционерлердiң құқықтарын сақтап:
      "Химпром" (Жамбыл қаласы) акционерлiк қоғамының бюджет алдындағы берешектерiн өтеу есебiне 1996 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы сомасы 77414 (жетпiс жетi миллион төрт жүз он төрт мың теңге) мың теңге, "Химпром" (Жамбыл қаласы акционерлiк қоғамының балансындағы Мәдениет сарайын, құрамында стадион және жүзу бассейнi бар спорт кешенiн, 200 орындық профилакторийдi жергiлiктi атқарушы органдардың балансына берудi жүзеге асырсын;
      Кәсiпорындардың тұрғын үй қорын және басқа да әлеуметтiк-мәдени объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдардың балансына берудi бiр ай мерзiмде жүзеге асырсын.
      10. Кәсiпорындарды жекешелендiру жөнiндегi комиссия ұсынылған өндiрiстi сегменттеу және "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 U952721_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Кәсiпорындарды одан әрi жекешелендiру сызбаларын бiр ай мерзiмде әзiрлеп, жүзеге асыруға кiрiссiн.
      11. Фосфор саласы iшiндегi Кәсiпорындардың қаржы жай-күйi мен борыштарын бағалау жөнiндегi комиссия "Қаратау" акционерлiк қоғамының бюджетке және Жаңатас, Қаратау қалалары бюджеттерiнiң "Қаратау" акционерлiк қоғамына 155 млн. (жүз елу бес млн) теңге сомасында берешектерiне өзара есептеме өткiзу мүмкiндiгiн он күн мерзiмде айқындап, Жамбыл облысының әкiмiне тиiстi Ұсыныстар енгiзсiн.
      12. Жамбыл облысының әкiмi:
      Экспорттық өнiм үшiн төленген қосылған құн салығының алынған қосылған құн салығы сомасынан асып түсуiнен 1995 жылдың iшiнде құралған 262,2 млн. теңге (соның iшiнде "НОДФОС" акционерлiк қоғамы - 255,5 млн. теңге және "Жамбыл суперфосфат зауыты" акционерлiк қоғамы бойынша - 7 млн. теңге) сомасындағы қосылған құн салығы бойынша асып түскен төлемдер есебiнен бюджетке төлемдердiң барлық түрлерi бойынша өзара есептемелердi он күн мерзiмде жүргiзсiн;
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп 234,0 млн. теңге сомасында темiр жол қызметi үшiн айыппұлдар мен өсiмдердi төлеудi тоқтатсын.
      13. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Медетшi банкiнiң қатысуымен Кәсiпорындардың қатысуымен құрылған барлық шағын кәсiпорындарды тарату немесе шағын кәсiпорындардың жарғы қорларына енгiзген қаржысын Кәсiпорындардың есеп айырысу шоттарына заңда белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде қайтаруға шаралар қабылдасын.
      14. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi қайта ұйымдастыру процедуралары кезеңiнде кәсiпорындардың дайын өнiмдерiнiң барлық түрлерiн уақтылы тиелiп, жөнелтiлуi үшiн вагондардың қажеттi саны бiрiншi кезекте жасалған

шарттарға сәйкес бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
     15. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi
министрлiгi, "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетикалық жүйесi қайта
ұйымдастыру процедуралары кезеңiнде жасалған шарттарға сәйкес
Кәсiпорындарға электр энергиясының iркiлiксiз берiлуiн қамтамасыз
етсiн.
     16. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары В.Л. Меттеге
жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 13 ақпандағы
                                         N 195 қаулысына
                                              1-қосымша

             Фосфор саласы iшiндегi кәсiпорындарында 
            оңалтылған процедураларын жүргiзу жөнiндегi
                        мемлекеттiк комиссияның
<*>

                               Құрамы

     Метте В.Л.        - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
                         бiрiншi орынбасары, комиссия төрағасы
     Балғымбаев Н.Ө.   - Қазақстан Республикасының мұнай және газ
                         өнеркәсiбi министрi, комиссия төрағасының
                         орынбасары
     Штойк Г.Г.        - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және
                         сауда министрi,
                         комиссия төрағасының орынбасары

               Комиссия мүшелерi:

     Бәйменов А.М.     - Қазақстан Республикасы Еңбек министрiнiң
                         орынбасары
     Ертiлесова Ж.Д.   - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң
                         бiрiншi орынбасары
     Iзтiлеуiов Б.I.   - Қазақстан Республикасы Эксимбанкi
                         басқармасының төрағасы
     Қалмырзаев С.С.   - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi
                         басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
                         төрағасы
     Құлманов М.Е.     - "ЮТЭК-ЛУКойл" компаниясын басқарушы
                         Басқарманың төрағасы
     Манақбаев Т.М.    - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
                         Медетшi банкi басқармасының төрағасы
     Мұқашев Ж.Д.      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
                         бiрiншi орынбасары
     Нұрғалиева Е.Н.   - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң
                         орынбасары
     Панов Ю.В.        - Қазақстан Республикасы Көлiк және
                         коммуникациялар министрiнiң орынбасары
     Тимкин М.И.       - Қазақстан Республикасының Президентi
                         Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары
                         (келiсiм бойынша)
     Тышанов А.Қ.      - Жамбыл облысының әкiмi
     Шевелев В.В.      - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және
                         сауда министрiнiң  орынбасары
     Өтепов Э.К.       - Қазақстан Республикасы Жекешелендiру
                         жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы
     Удовенко С.Л.     - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                         Аппараты Өнеркәсiп саясаты бөлiмiнiң
                         меңгерушiсi


                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 13 ақпандағы
                                         N 195 қаулысына
                                            2-қосымша

             Фосфор саласы iшiндегi кәсiпорындарды жедел
                    басқару жөнiндегi комиссияның
                              Құрамы

     Шевелев В.В.     - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және
                        сауда министрiнiң орынбасары, комиссия
                        төрағасы
     Әкiмов Б.М.      - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және
                        сауда министрiнiң Химиялық өндiрiс
                        департаментiнiң директоры, комиссия
                        төрағасының орынбасары
     Сапарәлиев Ж.    - Жамбыл облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары,
                        комиссия төрағасының орынбасары

                 Комиссия мүшелерi:

     Атабаев М.Д.     - "ЮТЭК-ЛУКойл" басқарушы компаниясының
                        президентi
     Имашев Б.М.      - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                        мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                        комитетi төрағасының орынбасары - Қазақстан
                        Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
                        жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы
                        Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және
                        санациялау жөнiндегi агенттiктiң төрағасы
     Нәсенов А.Б.     - Қазақстан Эксимбанкi басқармасы
                        төрағасының орынбасары
     Сармұзина Р.Г.   - Қазақстан Республикасының Экономика
                        министрлiгi микроэкономикалық саясат Бас
                        басқармасының химия және мұнай-химия кешенi
                        бөлiмiнiң бастығы
     Қажкенов И.М.    - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты
                        Өнеркәсiп саясаты бөлiмiнiң аға референтi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 13 ақпандағы
                                         N 195 қаулысына
                                              3-қосымша

             Фосфор саласы iшiндегi кәсiпорындардың қаржы
                жай-күйiн және борыштарын бағалау мен
                     талдау жөнiндегi комиссияның

                                Құрамы

     Имашев Б.М.        - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                          мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                          комитетi төрағасының орынбасары -
                          Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                          мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                          комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта
                          ұйымдастыру жөнiндегi агенттiктiң
                          директоры, комиссия төрағасы
     Абдувалиева Т.В.   - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және
                          сауда министрлiгi экономика, кәсiпорындарды
                          санациялау және нарық қатынастары
                          басқармасының бастығы, комиссия төрағасының
                          орынбасары
     Сапарәлиев Ж.      - Жамбыл облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары,
                          комиссия төрағасының орынбасары

                 Комиссия мүшелерi:

     Әбиев Б.С.         - Қазақстан Республикасының Қаржы
                          министрлiгi Бас салық инспекциясының
                          бөлiм бастығы
     Атабаев Б.С.       - "ЮТЭК-ЛУКойл" Басқарушы компаниясының
                          президентi
     Бегахметов Т.Х.    - Қазақстан Республикасы Экономика
                          министрiнiң орынбасары
     Жылқышиев Б.А.     - Жамбыл қаласының әкiмi
     Есiркепов О.К.     - Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi
                          Жамбыл аумақтық комитетiнiң төрағасының
                          бiрiншi орынбасары
     Мәдиев Б.М.        - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                          мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                          комитетi Өнеркәсiптiң базалық салалары
                          жетекшi басқармасының бастығы
     Нұрымов А.А.       - Жамбыл облыстық салық инспекциясының бастығы
     Раханов М.С.       - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру
                          жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының
                          бiрiншi орынбасары
     Сансызбаев С.Н.    - Қазақстан Эксимбанкi басқармасы төрағасының
                          орынбасары
     Сапожников А.Ю.    - Қазақстан Республикасының Жамбыл облысы
                          бойынша Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк
                          комитетiнiң төрағасы
     Шимишев Р.Г.       - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
                          экономикалық заңдар бөлiмiнiң жетекшi
                          консультанты
     Өтеғұлов М.С.      - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
                          Медетшi банкi басқармасы төрағасының
                          орынбасары

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 13 ақпандағы
                                         N 195 қаулысына
                                              4-қосымша

             Фосфор саласы iшiндегi кәсiпорындарды
             жекешелендiру жөнiндегi комиссияның
                          Құрамы

     Өтепов Э.К.       - Қазақстан Республикасы Жекешелендiру
                         жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
                         төрағасы, комиссия төрағасы
     Мадиев Б.М.       - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                         мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                         комитетiнiң базалық салалар жетекшi
                         басқармасының бастығы, комиссия
                         төрағасының орынбасары

                 Комиссия мүшелерi:

     Жанғабаев К.А.    - Қазақстан Республикасы Экономика
                         министрлiгiнiң меншiк қатынастары
                         басқармасы бастығының орынбасары
     Ексiбаев Ж.Д.     - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру
                         жөнiндегi мемлекеттiк комитет талдау,
                         бақылау және жекешелендiрудi қолдау
                         басқармасының бастығы
     Жәрменов Б.Б.     - Қазақстан Республикасының Экономика
                         министрлiгi аумақтық саясат және
                         реформаларды ұйымдастыру-атқаруды
                         қамтамасыз ету бас басқармасының бастығы
     Комбаков Т.У.     - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп
                         және сауда министрлiгi экономика және
                         нарықтық қатынастар басқармасы бастығының
                         орынбасары
     Оңдашев Н.К.      - Қазақстан Республикасының Қаржы
                         министрлiгi нарықтық инфрақұрылымды
                         дамыту басқармасының бастығы

     ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.05.23. N 864 
              қаулысымен. 

P970864_

  
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады