"Петропавл элеваторы" акционерлiк қоғамы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 4 наурыздағы N 274

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Петропавл қаласындағы макарон фабрикасының атқарылған құрылысы үшiн есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 9 қаңтардағы N 7 R960007_ және 1996 жылғы 10 қаңтардағы N 8 өкiмдерiне сәйкес астық сатудан түскен 11,6 млн. /он бiр миллион алты жүз мың/ АҚШ доллары сомасындағы қаржыны түрiктiң "Окан Холдинг-Исот" компаниясы көрсеткен реквизиттер бойынша макарон фабрикасының шартына сәйкес берешектердi өтеу үшiн жiберуге рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi түрiктiң "Окан Холдинг" компаниясымен кейiннен оны сатып алуды көздей отырып "Петропавл элеваторы" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сенiмдi басқаруға

контракт жасайтын болсын.
     Аталған акционерлiк қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн
сенiмдi басқаруға контракт жасау барысындағы шарттардың бiрi түрiктiң
кредит желiсi жөнiндегi берешектердi жабу болып табылды деп
белгiленсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады