Орта медицина қызметкерлерiн даярлау және қайта даярлау жөнiндегi республикалық колледж құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 8 сәуiр N 394

      1996-1998 жылдарда реформаны тереңдету жөнiндегi Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасына сәйкес, медицина оқу орындарының оқу-әдiстемелiк және материалдық-техникалық базасын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Таратылатын Республикалық медицина училищесi мен Республикалық орта медицина қызметкерлерiнiң жетiлдiру училищесiнiң негiзiнде Республикалық медицина колледжiн құру, оған орта медицина қызметкерлерiнiң дипломға дейiнгi және кейiнгi даярлығын жүзеге асыруды шектеу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
     2.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Қаржы
министрлiгi Орта медицина қызметкерлерiн даярлау және қайта даярлау
жөнiндегi республикалық колледждi ұстауға жыл сайын қаржы бөлудi
қарастырсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады