Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң Қостанай заң колледжiн Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң Қостанай жоғары мектебi етiп қайта құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 8 сәуiр N 396. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.20. N 348 қаулысымен. ~P980348

      Iшкi iстер органдары үшiн жоғары бiлiктi заң кадрларын даярлау жөнiндегi құқықтық реформалар бағдарламасының талаптарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң Қостанай заң колледжi "Құқық тану ғылымы" мамандығы бойынша 1996 жылдың қыркүйегiнен бастап жыл сайын 250 адам қабылдайтын iшкi iстер органдарының жоғары бiлiмдi басшы құрамын даярлау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң Қостанай жоғары мектебi етiп қайта құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң Қостанай жоғары мектебiн ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң Қостанай заң колледжiнiң және Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi оқу орындарының, тұрақты және ауыспалы құрамаларының штат санының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiне 1996 жылға бөлiнген адам саны мен қаржы қаражаты шегiнде жүзеге асырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:
      Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң Қостанай жоғары мектебiне басшы және профессорлық-оқытушы құрамының бiлiктi кадрларын жинақтасын;
      ауыспалы құрамды сапалы және дер кезiнде жинақтауды қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылдан бастап, орта арнаулы оқу орындарының нормаларына сүйене отырып, аталған оқу орнын ұстауға және оның материалдық-техникалық базасын нығайтуға республикалық бюджетте қажеттi қаражат көздесiн.
      5. Қостанай облысының әкiмi Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң Қостанай жоғары мектебiне профессорлық-оқытушы құрамы үшiн тұрғын үй бөлуде көмек көрсетсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады