Ауыл шаруашылығы кәсiпорындары мен ұйымдарына есiмдер беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 8 сәуiрдегi N 397

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi:
      Алматы, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан, Талдықорған облыстары әкiмдерiнiң Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен және Су ресурстары жөнiндегi комитетiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясымен келiсiлген:
                   а) есiмдер беру туралы

                 Алматы облысы бойынша
     Үлкен Алматы каналына - көрнектi мемлекет қайраткерi, ғалым,
академик Дiнмұхамед Қонаевтың;
                 Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша
     Шымкент қаласының "Южказводпроект" жобалау-iздестiру
институтына - КСРО Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, Қазақстан
Республикасының еңбек сiңiрген құрылысшысы Мiркамал Үнембаевтың
есiмiн беру туралы.
                   б) қайта атау туралы:
                  Алматы облысы бойынша
     Күртi ауданының КСРО-ның 60-жылдығы атындағы кеңшарын - "Күртi"
кеңшары;
     Кеген ауданының Қазақ ССР-ның 50 жылдығы атындағы тәжiрибе
шаруашылығы - "Шөладыр" тәжiрибе шаруашылығы;
                   Қостанай облысы бойынша
     Таран ауданының "Николаев" кеңшарын - Бейiмбет Майлин атындағы
кеңшар;
                   Қызылорда облысы бойынша
     Сырдария ауданының "Первомай" кеңшарын - Мұстафа Шоқай атындағы
кеңшар;
                   Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша
     Арыс ауданының "Зардарья" кооперативтiк бiрлестiгiн - Арынбек
Құлжабаев атындағы кооператив бiрлестiгi;
                   Павлодар облысы бойынша
     Ақтоғай ауданының Октябрьдiң 25 жылдығы атындағы тәжiрибе
шаруашылығы - Бағұстар Рамазанов атындағы тәжiрибе шаруашылығы;
                   Талдықорған облысы бойынша
     Панфилов ауданының Киров атындағы ұжымшарын - Әбiлхан Қастеев
атындағы ұжымшар;


      Көксу ауданының Куйбышев атындағы ұжымшарын - Қабан жырау атындағы ұжымшар деп қайта атау туралы ұсыныстары қабылдансын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады