Талдықорған облысында "Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiн ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 10 сәуiр N 416

      Бiрегей табиғат кешендерiн, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң сирек, жойылып бара жатқан және ерекше құнды түрлерiн сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң және Талдықорған облысы әкiмiнiң Талдықорған облысының аумағында Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң қарамағында "Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiн ұйымдастыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгiмен - Ғылым академиясымен, басқа мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және өзге де орталық, жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      2. "Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiне тұрақты жер пайдалануға Кербұлақ ауданының жер пайдаланушыларының жерлерiнен 1-қосымшаға сәйкес жалпы көлемi 209553 гектар учаске берiлсiн.
      3. Талдықорған облысының әкiмi "Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiнiң қызметiн қамтамасыз ету мақсатында, осы парктi құрудың техникалық-экономикалық негiздемесiнде көзделген оның аумақтарын аймақтарға бөлуге орай, 2-қосымшаға сәйкес Кербұлақ және Панфилов аудандарының аралас жер пайдаланушыларының жер учаскелерiн паркке мақсатты түрде шектеп пайдалану құқығын беру жөнiндегi мәселенi қарайтын болсын.
      "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсанындағы Заң күшi бар N 2717 U952717_ Жарлығына сәйкес парктiң жер пайдаланушы мүддесi қозғалған әрбiр ұйымдары бойынша тиiстi сервитуттарды әзiрлеп, бекiтсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика және биоресурстар министрлiгi, Талдықорған облысының әкiмi республикалық бағыныстағы мемлекеттiк мекеме нысанында жедел басқару құқығы негiзiнде iс-әрекет ететiн, табиғат қорғау, ғылыми және мәдени-ағарту қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлға ретiнде "Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiнiң жарғысын әзiрлеп, белгiленген тәртiппен бекiтетiн болсын. Парктiң табиғи кешендерiн сақтау жөнiндегi қажеттi режимдi, сондай-ақ сервитуттар шартымен аралас жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалану тәртiбiн белгiлесiн.
      5. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жергiлiктi жерлерде құрылатын мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiнiң шекараларын белгiленген тәртiппен орнатсын, осы парктiң тұрақты жер пайдалану құқығына ұсынылған жер учаскелерiне құжаттарды рәсiмдесiн.
      6. "Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiн 1996 жылдан бастап ұстауға кететiн шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының экология және биоресурстар министрлiгiне республикалық бюджетте көзделген қаржылар есебiнен және соның

шегiнде жүргiзiлсiн.
     7. "Қапшағай мемлекеттiк аңшылық-қорық шаруашылығын ұйымдастыру
туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1982 жылғы 9 желтоқсандағы 
N 465 қаулысының (ҚазССР ҚЖ, 1982 ж., N 246 102-бап) күшi жойылған деп
танылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                   Қазақстан Республикасы
                                       Үкiметiнiң
                                   1996 жылғы 10 сәуiрдегi
                                     N 416 қаулысына
                                         1  Қосымша

          Ұйымдастырылатын "Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық
          табиғат паркiне жер учаскелерi берiлетiн Кербұлақ
                  ауданы жер пайдаланушыларының
                            Тiзбесi

     1. Жер учаскелерi алып қойылатын жер пайдаланушылардың атауы
     Тұрақты жер пайдалануға берiлетiн жер учаскелерiнiң аумағы,
     гектар (оның iшiнде)
     2. Барлығы
     3. Егiстiк
     4. Көп жылдық екпе ағаштар (бақшалар)
     5. Пiшендiктер
     6. Жайылымдар
     7. Сүрекбұтақты екпе ағаштары
     8. Басқа да жер алаптары
___________________________________________________________________
             1          |  2  |  3  |  4  |  5  |  6  |  7  |  8
___________________________________________________________________
"Басши" ұжымдық ауыл
шаруашылығы кәсiпорны    186747 2230   45  1002  167334  6849  9287
Қапшағай мемлекеттiк
аңшылық-қорық шаруашылығы 22806   -     -    -    9383    -    13423
  оның iшiнде:
Алматы мемлекеттiк
қорығының бұрынғы
учаскесi                  18306   -     -    -   9383     -   8923
Малды жартылай ерiктi
ұстау жөнiндегi
питомник (құландық)       4500    -     -    -    -      -   4500
_________________________________________________________________
   Барлығы             209553   2230   45  1002  176717 6849 22710


                                   Қазақстан Республикасы
                                       Үкiметiнiң
                                   1996 жылғы 10 сәуiрдегi
                                     N 416 қаулысына
                                         2  Қосымша

       Ұйымдастырылатын "Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық табиғат
       паркiнiң аумағын аймаққа бөлуге сәйкес жер учаскелерiнде
        түрлi дәрежедегi шаруашылық қызметтерiнiң шектелуi
          көзделген Кербұлақ және Панфилов аудандары жер
                        пайдаланушыларының
                              Тiзбесi
     1. Жер учаскелерi сервитуттар шартымен пайдаланылуы мүмкiн
        жер пайдаланушылар атауы
     Жер учаскелерiнiң аумағы, гектар (оның iшiнде)
     2. Барлығы
     3. Ауыл шаруашылығы алаптары
     4. Басқа да жер алаптары
___________________________________________________________________
            1                   |      2    |      3    |    4
___________________________________________________________________
             Кербұлақ ауданы

"Қарашоқ" ұжымдық ауыл шаруашылығы
кәсiпорны                            16000       13600      2400
Аманкелдi атындағы ұжымшар           37000       20000     17000
Шоқан атындағы ұжымшар               14880       13392      1488
Өмiрбековтiң шаруа қожалығы           2400        2400        -
"Қазгидрометтiң" метобекетi             4          -          4
Әл-Фараби атындағы Қазақ
мемлекеттiк ұлттық университетi         20         -         20
Басши ауылдық (селолық) округi
әкiмiнiң қарамағындағы елдi
мекендердiң жерлерi                  27103       26638       465
Панфилов орман-аңшылық
кәсiпорнының жерлерiндегi ұзақ
мерзiмге пайдаланудағы "Басши"
ұжымдық ауыл шаруашылығы
кәсiпорнының жерлерi                  8267        3603      4664
_________________________________________________________________
    Аудан бойынша қорытындысы        105674       79633     26041

           Панфилов ауданы

"Айдарлы" ұжымшары                   65400        48380     17020
    оның iшiнде:
Панфилов орман-аңшылық кәсiпорнының
жерлерiндегi ұзақ мерзiмге
пайдаланудағы                        34739        27798     6941
"Қоңырөлең" агроөнеркәсiптiк
кооперативтiк кәсiпорны              79000        63200     15800
_________________________________________________________________
     Аудан бойынша қорытындысы      144400        111580    32820
_________________________________________________________________
     Облыс бойынша барлығы          250074        191213    58861 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады