Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 12 сәуiр N 434. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.27. N 1640 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппараттың қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 150 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне министрдiң 3 орынбасары, оның iшiнде министрдiң бiрiншi орынбасары, сондай-ақ 13 адамнан тұратын алқасы болуына рұқсат етiлсiн. <*>
      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгi

орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi
белгiленсiн.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2 және 3-тармақтарға өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң
              1996.10.24. N 1293 қаулысымен.  
     4. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгi
орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1809  

P951809_

  қаулысының күшi
жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                        1996 жылғы 12 сәуiрдегi
                                            N 434 қаулысына
                                                қосымша

          Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда
                 министрлiгi орталық аппаратының
                           ҚҰРЫЛЫМЫ

     Кен-металлургия кешенi бас басқармасы

     Химия өндiрiстерi және халық тұтынатын тауарлар бас басқармасы

     Машина жасау және жұмылдыру дайындығы
     бас басқармасы

     Өнеркәсiп саясаты және экспортты дамыту
     бас басқармасы

     Сыртқы және iшкi сауда саясаты бас басқармасы

     Кадр және аппараттың жұмысын ұйымдастыру
     бас басқармасы

     Экономика және нарық қатынастары басқармасы

     Сыртқы экономикалық қызметтi реттеу басқармасы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады