Байланыс формасы

Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 6 мамыр N 562. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721  U952721_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қоса берiлiп отырған Жекешелендiру объектiлерiн бағалау жөнiндегi Ереже бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi сатуға қойылған жекешелендiру объектiлерiнiң бүкiл жер учаскесiне немесе белгiлi бiр бөлiгiне меншiк немесе жердi тұрақты пайдалану құқының құнын бағалауды қамтамасыз етсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi осы қаулыға қайшы келетiн жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi нормативтiк актiлер мен нұсқауларды қайта қарауды және қолданылуын тоқтатуды қамтамасыз етсiн.

      Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
1996 жылғы 6 мамырдағы  
N 562 қаулысымен    
бекiтiлген       

Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi
Ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721   U952721_ Заң күшi бар Жарлықтарына сәйкес әзiрлендi. 
 

      2. Осы Ереже жекешелендiру объектiсi болып табылатын мемлекеттiк мүлiктiң мынадай түрлерiн бағалаудың тәртiбiн реттейдi: 
 

      мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк кәсiпорын мен мекеме (бұдан әрi - кәсiпорын). Мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның құрамына әлеуметтiк-мәдени және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектiлер енгiзiлуi мүмкiн; 
 

      мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның жекешелендiрiлуi тұйық технологиялық циклдi бұзбайтын өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бiрлiктерi; 
 

      кәсiпорынның мүлкi; 
 

      шаруашылық серiктестiктерiнiң жарғы қорындағы акциялардың мемлекеттiк пакетi үлестерi. 
 

      3. Кейiн сатып алу құқығымен жалға немесе сенiмдi басқаруға берiлген жекешелендiру объектiсiн бағалау осы Ережеге сәйкес жүргiзiледi. 
 

      4. Жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы осы Ережеге сәйкес айқындалады және оны Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (бұдан әрi - Сатушы) бекiтедi. 
      Жекешелендiру объектiсiн екiншi және одан кейiнгi саудаласуға шығару кезiнде оның бастапқы құны Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өз құзыретi шегiнде қабылдаған саудаластықта жекешелендiру объектiлерiн сатуды реттейтiн нормативтiк актiлерге сәйкес айқындалады.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.07.22. N 920 қаулысымен.  P960920_
 

        5. Жекешелендiру объектiсiн сату бағасы саудаласулардың (аукцион, тендер) өтiмсiз жекешелендiру объектiлерiн сату саудаластық кезiнде сатып алушылар ұсынған баға бойынша жүзеге асырылу барысында белгiленедi. Тiкелей атаулы сату кезiнде кәсiпорынның бағасы тараптардың келiсуi бойынша, бiрақ бастапқы бағасынан кем емес бағада айқындалады.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.21. N 1642 қаулысымен.  P961642_
 

        6. Сатушы консалтингтiк ұйымдар немесе тәуелсiз аудиттiң қорытындысының негiзiнде жекешелендiру объектiсiнiң құнын бағалауды жүзеге асыруға хақылы.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.07.22. N 920 қаулысымен.  P960920_
 

        7. "Қазақстан Республикасындағы негiзгi қорларды (құралдарды) индекстеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 21 қазандағы N 1178 қаулысына сәйкес жекешелендiру объектiлерiн құнын бағалау кезiнде Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (қайта бағалау датасын сатылар алдында соңғы жай-күйi бойынша) коэффициенттердiң өсiруiн ескерiп негiзгi қорлардың (құралдардың) құнын индекстеу жүргiзiледi. 
 

  II. Мүлiктiк кешендер мен мүлiктi бағалау 
 

  1. Бағаланатын мемлекеттiк мүлiктiң құрамы 
 

        8. Бағаланатын мемлекеттiк мүлiктiң құрамына негiзгi қорлар мен айналымнан тыс басқа да активтер, запастар мен шығындар, ақша қаражаттары, есеп айырысулар мен басқа да активтер кiредi. 
 

      Негiзгi қорлар мен айналымнан тыс басқа да активтер: 
      а) негiзгi құралдар - үйлер, ғимараттар, бiрлiктi қойылымдар, машиналар мен жабдық, есептеу техникасы, өлшеусiз және реттегiш приборлар мен қондырғылар, көлiк құралдары, аспап, өндiрiстiк және шаруашылық мүкәммал, жұмыс және өнiм беретiн мал, көпжылғы көшеттер мен басқа да еңбек құралдары; 
 

      б) аяқталмаған құрылыс пен қондырғы жабдықтарын қоса алғанда, аяқталмаған күрделi қаржылар мен аванстар; 
 

      в) баланста көрсетiлген материалдық емес активтер - жердi, суды, табиғат ресурстарын, үйлердi, ғимараттарды пайдалану құқықтары, патенттер, лицензиялар және басқа да мүлiктiк (интеллект меншiкке арналған құқықты қоса) құқықтар, ұйымдық шығыстар, сауда маркалары, товар белгiлерi және басқалар; 
 

      г) кәсiпорындардың басқа кәсiпорындардың кiрiс активтерiне (акциялар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздар iшкi мемлекеттiк және жергiлiктi займдардың проценттiк облигацияларына салымдарын қоса алғанда, ұзақ мерзiмдi), бiр жылдан аса мерзiмге арналған қаржылық салымдары, сондай-ақ кәсiпорындарға берген займдары; 
 

      д) баланс активiнiң I бөлiмi бойынша басқа да баптар. 
      Запастар мен шығындар: өндiрiстiк запастар (шикiзат, материалдар, отын, бағасы төмен және тез тозатын заттар, қосалқы бөлшектер, сатылатын жартылай өнiмдер мен жинақтаушы бұйымдар, ыдыстар және басқалар) бiтпеген өнiмдер, алдағы болашақ кезеңдердiң шығындары, дайын өнiм, сатып алу бағасы бойынша тауарлар және басқадай запастар мен шығындар. 
      Ақша қаражаты, есептеулер және басқа активтер: баланс активiнде көрсетiлген кассадағы, банктердiң шотындағы ақша қаражаттары және басқадай ақша қаражаттары қысқа мерзiмдiк қызмет (бiр жылдан аспайтын мерзiмге арналған) қаржы салымдары, тиелген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлген қызметтердiң құны, дебиторлық қарыздар және басқа да осы секiлдi қаражаттар. 
 

  2. Меншiк құқығының немесе жер учаскесiндегi
жердi тұрақты пайдаланудың құны 
 

        9. Жылжымайтын мүлiктердi жекешелендiру кезiнде сатып алушыға жер заңына сәйкес бөлiнетiн жер учаскесiнiң жекешелендiрiлетiн объектiнiң үйлерi мен ғимараттары орналасқан және оларды пайдалану үшiн қажет бөлiгiне меншiктiк құқығы не болмаса жердi пайдалану құқығы ауысады. Барлық жер учаскесiне немесе оның белгiлi бiр бөлiгiне меншiктiк немесе жердi тұрақты пайдалану құқығының құны жекешелендiру объектiсiнiң бағасына кiредi. 
 

      10. Барлық жер учаскесiне немесе оның белгiлi бiр бөлiгiне меншiк немесе жердi тұрақты пайдалану құқығының бағалық құнын Қазақстан Республикасының үкiметi бекiткен жер учаскесiн беру үшiн ақы ставкаларының мөлшерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң (бұдан әрi - Мемжерком) органдары айқындайды. 
 

  3. Жекешелендiру объектiсi ретiнде кәсiпорынның
бағасын айқындау 
 

        11. Кәсiпорынның мүлiктiк кешен ретiнде бастапқы бағасы кәсiпорын балансы деректерiнiң негiзiнде айқындалады. Салық органы растаған кәсiпорынның балансы мемлекеттiк мүлiкке иелiк етуге өкiлеттi мемлекеттiк орган жекешелендiру туралы шешiм қабылдаған күнге ұсынылады. 
      Кәсiпорынның бастапқы бағасы (КББ) КББ-КА - КМ формуласы бойынша анықталады, мұндағы КА - кәсiпорын активтерiнiң жалпы құны (кәсiпорын балансы активiнiң 360 жолы);<*> 
      КМ - кәсiпорынның мiндеттемесi. 
      Кәсiпорынның мiндеттемелерiне заемдiк қаражаттар мен кредиттер; кредит берушiлермен есеп айырысу мен сатып алушылардан және тапсырыс берушiлерден алынған аванс кiредi. 
      Кәсiпорынның мiндеттемесi "Есепайырысу және басқа пассивтер" балансы пассивiнiң II бөлiмi мәлiметтерiнiң негiзiнде, баланстың 500-620, 635-720 жолдары бойынша мәлiметтердi жинақтау жолымен айқындалады: 
      "Банктердiң ұзақ мерзiмдiк кредиттерi" бабы (92 шот), "Ұзақ мерзiмдiк займдар" бабы (95 шот), "Банктердiң қысқа мерзiмдiк кредиттерi" бабы (90 шот), "Банктердiң қызметкерлерге арналған кредиттерi" бабы (93 шот), "Қысқа мерзiмдiк займдар" бабы (94 шот), "Кредит берушiлермен тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер үшiн НҚҚ-ды алып тастағандағы есепайырысу" бабы, "Берiлген вексельдер бойынша есепайырысу" бабы (60 шот), "Еңбекке ақы төлеу жөнiндегi есепайырысу" бабы (70 шот), "Әлеуметтiк қамсыздандыру және қамтамасыз ету бойынша есепайырысу" бабы (69 шот), "Кредит берушiлермен мүлiктi және жеке басты қамсыздандыру бойынша есепайырысу" бабы (65 шот), "Еншiлес кәсiпорындармен есепайырысу" бабы (78 шот), "Кредит берушiлермен бюджеттен тыс төлем бойынша есепайырысу" бабы (67 шот), "Бюджетпен есепайырысу" бабы (68 шот), "Басқа кредит берушiлермен есепайырысу" бабы, "Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлерден алынған аванстар" бабы (64 шот) 1995 жылғы баланстың нысанына сәйкес қолданылады. 
      Одан басқа, кәсiпорынның мiндеттемелерiнде жалға алынған үйлер, ғимараттар, жабдықтар және еңбек құралдарына жататын басқа объектiлер бойынша мiндеттемелер ескерiледi. 
      Мiндеттемелерi кәсiпорын активтерiнiң құнынан асқан жағдайда кәсiпорынның бастапқы бағасы кәсiпорын активтерiнiң жалпы құнының кемiнде 10 процентi мөлшерiнде белгiленедi (кәсiпорын бiрлiгi балансының 360-жолы).<*> 
      ЕСКЕРТУ. 11-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.07.22. N 920 қаулысымен. 
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.10.31. N 1320 қаулысымен.  P961320_
 

        12. Кәсiпорынды жекешелендiру кезiнде сатып алушыға қарыздарды талап ету құқығы, сондай-ақ кәсiпорынға заңды тұлға ретiнде тиесiлi ерекше құқық ауысады. Сатып алушының толықтай құқықтық мұрагерлiгi кәсiпорынның мүлiктiк кешенiн сатып алу-сату шартына қол қойған сәттен бастап пайда болады. 
 

      13. Жекешелендiру объектiсi ретiнде кәсiпорынның бағасы сауда барысында белгiленген кәсiпорынды сату бағасынан және меншiк немесе барлық жер учаскесiне немесе оның кәсiпорынның үйлерi мен ғимараттары орналасқан белгiлi бiр бөлiгiне арналған тұрақты жердi пайдалану құқығының бағаланатын құнынан қалыптасады. 
 

  4. Жекешелендiру объектiсi ретiнде кәсiпорынның бөлiмшелерi
мен құрылымдық бiрлiктерiнiң бағасын айқындау 
 

        14. Мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бiрлiктерi (бұдан әрi - кәсiпорынның бiрлiгi) жекешелендiру қарсаңында бөлiнетiн баланс негiзiнде бөлектенуi керек. 
      Кәсiпорын бiрлiгiнiң бастапқы бағасы кәсiпорынның бөлiнетiн балансы деректерiнiң негiзiнде айқындалады. Кәсiпорынның бөлiнетiн балансы кәсiпорын бiрлiгiн жекешелендiру туралы шешiм қабылданған күнге ұсынылады және мемлекеттiк мүлiкке иелiк етуге өкiлеттi мемлекеттiк орган тарапынан бекiтiледi. 
      Кәсiпорын бiрлiгiнiң бастапқы бағасы (брББ): 
      брББ=брА - брЖ формуласы бойынша айқындалады, мұндағы брА - кәсiпорын бiрлiгi активтерiнiң (кәсiпорын бiрлiктерi активтерiнiң 360 жолы) жалпы құны;<*> 
      брЖ - кәсiпорын бiрлiгiнiң мiндеттемесi. 
      Кәсiпорын бiрлiгiнiң мiндеттемелерi "Есеп айырысулар және басқа пассивтер" балансы пассивiнiң II бөлiмi деректерiнiң негiзiнде айқындалады: 
      "Банктердiң ұзақ мерзiмдiк кредиттерi" бабы (92 шот), "Ұзақ мерзiмдiк займдар" бабы (90 шот), "Банктердiң қызметкерлерге арналған кредиттерi" бабы (93 шот), "Қысқа мерзiмдiк займдар" бабы (94 шот), "Кредит берушiлермен тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер үшiн НҚҚ-ды алып тастағандағы есепайырысу" бабы, "Берiлген вексельдер бойынша есепайырысулар" бабы (60 шот), "Кредит берушiлермен мүлiктi және жеке басты қамсыздандыру бойынша есепайырысу" бабы (65 шот), "Еншiлес кәсiпорындармен есепайырысу" бабы (78 шот), "Кредит берушiлермен бюджеттен тыс төлем бойынша есепайырысу" бабы (67 шот), "Бюджетпен есепайырысу" бабы "Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлерден алынған аванстар" бабы (64 шот) 1995 жылғы баланстың нысанына сәйкес қолданылады. 
      Егер мiндеттеме кәсiпорынның құрылымдық бiрлiгi активтерiнiң жалпы құнынан асқан жағдайда бастапқы баға кәсiпорын бiрлiгi активтерiнiң жалпы құнының кемiнде 10 процентi мөлшерiнде белгiленедi (кәсiпорын бiрлiгi балансының 360-жолы).<*> 
      ЕСКЕРТУ. 14-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.07.22. N 920 қаулысымен.  P960920_
        ЕСКЕРТУ. 14-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.10.31. N 1320 қаулысымен.  P961320_
 

        15. Кәсiпорын бiрлiгiн жекешелендiру кезiнде бөлiнетiн баланс бойынша қарыздарды талап ету құқығы сатып алушыға ауысады. Сатып алушының толықтай құқықтық мұрагерлiгi кәсiпорынның мүлiктiк кешенiн сатып алу-сату шартына қол қойған сәттен бастап пайда болады. 
 

      16. Кәсiпорын бiрлiгiнiң жекешелендiру объектiсi ретiндегi бағасы сауда барысында белгiленген кәсiпорын бiрлiгiн сату бағасынан және меншiк немесе барлық жер учаскесiне немесе оның кәсiпорын бiрлiгiнiң үйлерi мен ғимараттары орналасқан белгiлi бiр бөлiгiне арналған жердi тұрақты пайдалану құқығының бағаланатын құнынан қалыптасады. 
 

  5. Жекешелендiру объектiсi ретiнде
кәсiпорын мүлкiнiң бағасын айқындау 
 

        17. Кәсiпорынның мүлкi тек мемлекеттiк кәсiпорын жойылған жағдайда ғана жекешелендiрудiң жеке объектiсi бола алады. 
      Мемлекеттiк кәсiпорынды жою туралы шешiмдi мемлекеттiк мүлiкке иелiк етуге өкiлеттi мемлекеттiк орган шығарады. Мемлекеттiк кәсiпорынды жою кезiнде кредит берушiлердiң талабын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (жалпы бөлiмi) белгiлеген тәртiпте және мерзiмдерде жүргiзiледi. 
 

      18. Кәсiпорын мүлкiнiң (бұдан әрi - мүлiк) бастапқы бағасы жойылған кәсiпорын мүлкiнiң бағаланатын құқына тең. 
      Кәсiпорын мүлкiнiң бағаланатын құны кәсiпорынның аралық жою балансы деректерiнiң негiзiнде айқындалады. Кәсiпорынның аралық жою балансын жою комиссиясы құрастырады және мемлекеттiк мүлiкке иелiк етуге өкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi. 
 

      19. Кәсiпорын мүлкiнiң құрамына үйлердi, ғимараттарды, жабдықтарды, мүкәммалдарды, шикiзаттарды, өнiмдi және кәсiпорынның басқа да активтерiн қосқандағы негiзгi құралдар (қорлар) кiредi. 
      Негiзгi құралдардың құнын айқындау олардың баланстық қалпына келтiру құнының көлемiн негiзгi құралдарды амортизациялау нормасы мен оларды пайдалану мерзiмдерiне сүйенiп бағалау кезiндегi бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша есептелген тозу көлемiне азайту жолымен есептелген және негiзгi қорлар құнының арту коэффициенттерiне түзетiлген қалдық құны бойынша жүзеге асырылады. 
      Негiзгi құралдың баланстық (қалпына келтiру) құны мүлiктi мүкәммалдау нәтижелерi ескерiлiп, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша (01 "Негiзгi қаражаттары" шотына мүкәммалдық карточкалар) айқындалады. 
      Бағасы төмен және тез тозатын заттардың бағаланатын құны олардың баланстық (қалпына келтiру) құнын есептелген тозу көлемiне кемiту жолымен айқындалады. Аяқталмаған құрылыс объектiлерi мен орнатылмаған жабдықтар оларды мүкәммалдағаннан кейiн негiзгi қорлар құнын арттыру коэффициенттерi ескерiлiп баланстық (қалпына келтiру) құн бойынша бағаланады. 
      Запастар мен шығындар баланстық құн бойынша бағалау күнiндегi нақты қолда бар ақшаға орай бағаланады. 
      90 проценттен аса тозған негiзгi құралдар негiзгi қорларды ұлғайту коэффициентiн ескере отырып, баланстық қалпына келтiру құнының 10 процентi мөлшерiнде бағаланады.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 19-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.10.31. N 1320 қаулысымен.  P961320_
 

        20. Негiзгi қаражаттардың жеке түрлерi мен тұрғын емес үй-жайлардың бастапқы бағасы мүлiктiң бастапқы бағасы ретiнде айқындалады. Оларды сату бағасы сауда барысында белгiленедi. Тұрғын емес үй-жайдың бағасы сауда барысында белгiленген оны сату бағасынан және меншiк немесе барлық жер учаскесiне немесе оның үй-жай орналасқан белгiлi бiр бөлiгiне арналған жердi тұрақты пайдалану құқығының бағаланатын құнынан қалыптасады. 
 

  6. Жекешелендiру объектiсi ретiнде бюджеттiк
мекеменiң бағасын анықтау<*> 
 

        ЕСКЕРТУ. Ереже жаңа 6-iшкi бөлiммен толықтырылды, 6-iшкi бөлiм 7-iшкi бөлiм болып саналды, 21-30-тармақтар тиiсiнше 25-34-тармақтар болып саналды - ҚРҮ-нiң 1998.03.10. N 192 қаулысымен.  P980192_
 

          21. Мүлiктiк кешен ретiндегi бюджеттiк мекеменiң бастапқы бағасы шығыстар сметасының атқарылу балансы деректерiнiң негiзiнде анықталады. Мекеменiң балансы мемлекеттiк мүлiкке билiк етуге уәкiлеттi мемлекеттiк орган жекешелендiру туралы шешiм қабылдаған күнге берiледi. 
      Мекеменiң бастапқы бағасы (МекББ) мынадай формула бойынша анықталады: 
      МекББ= МекА-МекШ-МекМ-Нқт+МекК, мұнда 
      МекА- мекеме активтерiнiң жалпы құны (шығыстар сметасының атқарылу балансының 440 жолы); 
      МекШ- мекеменiң шығыстары (шығыстар сметасының атқарылу балансы Активiнiң "Шығыстар" деген 7-бөлiмi жолдарының қосындысы); 
      МекМ- мекеменiң мiндеттемелерi (шығыстар сметасының атқарылу балансы Пассивiнiң "есептер" деген 3-бөлiмi жолдарының қосындысы); 
      Нқт- негiзгi құралдардың тозуы (шығыстар сметасының атқарылу балансы Пассивiнiң "Қорлар және мақсаты арналымды құралдар" деген 2-бөлiмi жолдарының қосындысы); 
      МекК- мекеменiң арнайы құралдары бойынша кiрiстерi (шығыстар сметасының атқарылу балансының 720 және 360 жолдарының оң айырмасы). 
      Жекешелендiру сәтiндегi жұмсалмай қалған бюджет қаражатының жұмсалуына арналған лимиттiң бос қалдығы тиiстi бюджеттiң кiрiсiне есептелуге тиiс. 
 

      22. Жер учаскесiне деген меншiк немесе тұрақты жер пайдалану құқығының құнын бағалау осы Ереженiң 2-iшкi бөлiмiне сәйкес жүргiзiледi. 
 

      23. Жекешелендiрiлген мекеменiң Сатып алушысының азаматтық құқықтары мен мiндеттемелерiнiң құқықтық мұрагерлiгi сатып алу-сату шартына қол қойылған сәттен басталады. 
      Мекеме Сатып алушының меншiгiне кредиторлық және дебиторлық берешегiмен бiрге сатылады. 
 

      24. Мекеменiң жекешелендiру объектiсi ретiндегi бағасы мекеменiң саудаластық барысында белгiленген сату бағасынан және мекеменiң үй-жайлары немесе ғимараттары алып жатқан бүкiл жер учаскесiне немесе оның белгiлi бiр бөлiгiне деген меншiк немесе тұрақты жер пайдалану құқығының бағалау құнынан құралады"; 
 

  7. Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын
бағалау нәтижелерiн рәсiмдеу 
 

        25. Жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын сатушы бекiтедi. 
      Бүкiл жер учаскесiне немесе оның белгiлi бiр бөлiгiне арналған меншiк немесе жердi тұрақты пайдалану құқығының бағаланатын құны Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетi - комиссиясының жасаған бағалау актiсiнiң негiзiнде жекешелендiру объектiсiнiң құнына кiредi. 
 

      26. Жекешелендiру объектiсi мүлкiнiң құны бағалау бекiтiлген күннен бастап немесе және сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап жекешелендiру объектiсiнiң негiзгi құралдары сатылмайды немесе өзгедей түрде басқа жеке немесе заңды тұлғаларға берiлмейдi.
 

     27. Жекешелендiру объектiсiнiң әкiмшiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы Ереже талаптарының орындалуы үшiн жауапкершiлiкте болады.

III. Саудаластықта сату кезiнде шаруашылық серiктестiктерi
акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн және жарғылық
қордағы үлестерiн бағалау<*><*>

      ЕСКЕРТУ. III-бөлiмнiң атауынан және 1-2-бөлiмшелерiнiң атауларынан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1996.07.22. N 920 қаулысымен.   P960920_
       ЕСКЕРТУ. III-бөлiмнiң атауы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.10.31. N 1320 қаулысына сәйкес.  P961320_

        28. Осы Ереже саудаласуда сату кезiнде акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң бастапқы бағасын айқындау тәртiбiн белгiлейдi.
 

     29. Акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң бастапқы бағасы акциялардың мемлекеттiк пакетiн саудаласуға шығару туралы шешiм қабылдаудың алдындағы сомға есептiк датасындағы бухгалтерлiк деректердiң негiзiнде айқындалады.

1. Акциялар пакетiнiң құнын айқындау<*>

     30. Акционерлiк қоғамның акцияларының жалпы құны мына формуламен анықталады:
                       АЕҚ = А - ЕП - ӘҚ
     мұнда:
     АЕҚ - акциялардың есеп айырысу құны,
     А   - акционерлiк қоғамның активтерi,
     ЕП  - есепайырысу және өзге де пассивтер,
     ӘҚ  - әлеуметтiк сала объектiлерiнiң құны.
     Бұл жағдайда:
      А - акционерлiк қоғам активтерiнiң жалпы құны - валют балансының негiзiнде (актив балансы активiнiң 360 жолы немесе баланс пассивiнiң 800 жолы) айқындалады. ЕП - есепайырысу және өзге де пассивтер - 500-620, 635-760 жолдарындағы қосу "Есепайырысу және басқа пасссивтер" балансы пассивтерiнiң II бөлiмiнiң негiзiнде айқындалады.<*> 
      "Банктердiң ұзақ мерзiмдiк кредиттерi" бабы (92 шот), "Ұзақ мерзiмдiк займдар" бабы (95 шот), "Банктердiң қысқа мерзiмдi кредиттер" бабы (90 шот), "Қызметкерлерге арналған банктердiң кредиттерi" бабы (93 шот), "Қысқа мерзiмдiк займдар" бабы (94 шот), "ҚҚС (НДС) ескермегендегi кредиторлармен ауыр, жұмыс түрi, және қызмет көрсетулер үшiн есепайырысу" бабы, "Берiлген вексельдер бойынша есеп айырысу" бабы (60 шот),"Еңбекке ақы төлеу жөнiндегi есепайырысу" бабы (70 шот), "Әлеуметтiк сақтандыру және қамсыздандыру жөнiндегi есепайырысу" бабы (69 шот), "Кредиторлармен мүлiк және жеке сақтандыру бойынша есепайырысу" бабы (65 шот), "Еншiлес кәсiпорындармен есепайырысу" бабы (78 шот), "Кредиторлармен бюджеттен тыс төлемдер бойынша есепайырысу" бабы (67 шот), "Бюджетпен есепайырысу" бабы (68 шот), "Өзге де кредиторлармен есепайырысу" бабы, 1995 жылғы баланс формасында алынған "Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлерден алынған аванстар" бабы (64 шот) "Құрылтайшылармен есеп айырысулар" бабы (75 шот), "Алдағы кезеңдердiң кiрiстерi" бабы (83 шот), "Тұтыну қорлары" бабы (88 шот), "Алдағы шығыстар мен төлемдер резервi" бабы (89 шот), "Өзге де қысқа мерзiмдi пассивтер" бабы 1995 жылғы баланс нысанында қолданылады. 
      ЕП-ға мақсатты бағыттағы шараларды жүзеге асыруға арналған қаражат ("Мақсатты қаржыландыру және түсiмдер" (96 шот) балансы пассивiнiң 430 жолы) егер де қаржыландыру шартында қаражатты бiр жылдан аспайтын уақытта қайтару көзделген. 
      ӘҚ - жарғы қорына енгiзiлмеген АҚ балансындағы әлеуметтiк сала объектiлерiнiң құны. Егер әлеуметтiк сала объектiлерi жарғы қорына енгiзiлген жағдайда олардың құны АҚ активiнiң құнынан бөлек есептелмейдi. Әлеуметтiк сала объектiлерi есепке алу бағалануы кезiндегi қалған бағасы ескерiлiп жүргiзiледi. 
      ЕСКЕРТУ. 26-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.07.22. N 920 қаулысымен. 
 

  2. Бiр акцияның құнын айқындау<*> 
 

        31. Акциялардың есеп айырысу құнын айқындау формуласы бойынша бiр акцияның құнын айқындау үшiн шығарылған акциялардың жалпы санына бөлу керек (бұл жағдайда барлық акциялар бiр номиналды болуы тиiс). 
      Егер де акционерлiк қоғам әртүрлi номиналды акциялар шығарған жағдайда: 
 

      а) акционерлiк қоғамның акцияларының есептiк санын айқындау керек, ол акциялардың шығарылған жалпы көлемiнiң шамасын акцияның ең төменгi номиналының бастапқы құны бойынша болудан жеке түрiнде айқындалады; 
 

      б) акциялардың есепайырысу құнын (АЕҚ) а пунктiндегi алынған шамасына бөлу керек. 
 

      32. Есепайырысу нәтижесiнде алынған бiр акцияның құны, үтiрден кейiн екi белгiге дейiн дөңгелектенедi (яғни тиынға дейiн). 
 

      33. Егер де ұсынылған әдiстеме бойынша көрсеткiш шама тiркелген акция номиналынан аз болған жағдайда, онда бастапқы баға ретiнде мыналар алынады: 
 

      а) Кәсiпорындардың ұйымдар мен мекемелердiң негiзгi қорларына (құрал-жабдықтарын) индекстеу тәртiбi туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 21 қазандағы N 1178 қаулысымен бекiтiлген Ережесiне сәйкес егер негiзгi қорларды қайта есептеу нәтижесi жарғы қорына қосылған жағдайдағы алынған көлемi (акцияның номиналдық құнының 10% кем болмауы тиiс); 
 

      б) егер де қайта есептеу нәтижесi бойынша жарғы қорына қосылмаған жағдайдағы акцияның номиналдық құны. 
 

  3. Шаруашылық серiктестiктерiнiң жарғылық
қорындағы мемлекет үлесiнiң құнын айқындау 
 

        34. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық қорындағы мемлекет үлесiнiң құнын айқындау үшiн осы Ереженiң 26-тармағына сәйкес акциялардың есеп айырысу құнын (АЕҚ) айқындау формуласы бойынша алынған шаманы серiктестiктiң жарғылық қорындағы мемлекет үлесiнiң проценттiк шамасына көбейтiп, 100%-ке бөлу керек.<*> 
      ЕСКЕРТУ. Ереже 3-бөлiкпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.10.31. N 1320 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады