Республиканың ауыл шаруашылығын 1996 жылы химиялық өсiмдiк қорғау құралдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 13 мамыр N 589

      Республиканың ауыл шаруашылығын химиялық өсiмдiк қорғау құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 1996 жылы химиялық өсiмдiк қорғау құралдарын қосымша сатып алу шартымен АҚШ Эксимбанкiнiң кредит желiсi шеңберiнде 1995 жылы сатып алынған химиялық өсiмдiк қорғау құралдары үшiн қаржыларды қайтару мерзiмiн ұзарту жөнiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк экспорт-импорт банкi (бұдан былай - Қазақстан Эксимбанкi) жүргiзген жұмыс мақұлдансын.
      2. Қазақстан Эксимбанкi Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен жүзеге асырылған, 1995 жылы берiлген химиялық өсiмдiк қорғау құралдары және 1996 жылы химиялық өсiмдiк қорғау құралдарын қосымша сатып алу үшiн шет ел банкiлерiнiң алдында кепiл ретiнде iс-әрекет етсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Эксимбанкi берген кепiлдiктер шегiнде 1995-1996 жылдарда шет ел фирмалары берген республикаға импортталатын химиялық өсiмдiк қорғау құралдарына "Салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 61-бабы қолданылады.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Эксимбанкiмен бiрлесе отырып химиялық өсiмдiк қорғау құралдарын беруi үшiн АҚШ Эксимбанкiне берiлген Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн қайтарып алуды шет ел фирмаларымен пысықтайтын болсын.
      4. Ақмола, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан және Торғай облыстарының әкiмдерi 1995-1996 жылдары шет ел фирмалары берген химиялық өсiмдiк қорғау құралдары және кредит бойынша шығындар үшiн қаржыларды өтеуге Қазақстан Эксимбанкiне кепiлдiктер берсiн,

сондай-ақ Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясының
вексельдерiне химиялық өсiмдiк қорғау құралдарын сатуды қамтамасыз
етсiн.
     5. Осы қаулының жүзеге асуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады