"Шымкент қорғасын зауыты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн "РР Қазақстан сауда және қаржыландыру" Қазақстан-Австрия бiрлескен кәсiпорнының басқаруына беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 23 мамыр N 637

      "Шымкент қорғасын зауыты" акционерлiк қоғамын қаржылық-экономикалық сауықтыру, шетел инвестицияларын тарту, қорғасын және оған қосылатын түстi, асыл және сирек металдар өндiрiсiн дамытуды тұрақтандыру, аккумуляторлық стартерлiк батареялар өндiру өндiрiсiн озық дүниежүзiлiк технологиялар деңгейiне ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Шымкент қорғасын зауыты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн (31 процент) "РР Қазақстан - сауда және қаржыландыру" бiрлескен кәсiпорнының басқаруына беру туралы конкурс комиссиясының хаттамасы бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Шымкент қорғасын зауыты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн басқару құқығына кейiннен 1996 жылдың қыркүйегiне дейiн сатып алуға контракт жасасын. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасына аталған контрактiге Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қол қою өкiлеттiгi берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Шымкент қорғасын зауыты" акционерлiк қоғамының акцияларын басқару туралы контрактi шарттарының орындалуына бақылау жасау жөнiндегi өкiлi болып тағайындалсын және оған осы қаулыны жүзеге асыру жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiн үйлестiру жүктелсiн.
      4. "Шымкент қорғаныс зауыты" акционерлiк қоғамының тұрақты және үйлестiрiлген жұмысын, қаржылық сауықтыру мен банкроттықты болдырмауды қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар-мемлекеттiк заңды тұлғаларға қарыздарын қайтару мерзiмi қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес, кейiннен берешектердi кестеге сәйкес теңдей үлеспен екi жыл iшiнде, өсiмдер мен айыппұлдарды тоқтата отырып, ал "Алаугаз" акционерлiк қоғамы бойынша заңда белгiленген тәртiппен қайтара отырып, 1997 жылдың 1 қаңтарына дейiн ұзартылсын.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк "РР Қазақстан - сауда және Лтд қаржыландыру" Қазақстан - Австрия бiрлескен кәсiпорнымен бiрлесiп осы аудит негiзiнде "Шымкент қорғаныс зауыты" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк емес меншiк нысанындағы кәсiпорындар алдындағы қалған кредиторлық берешектерiн қайтаруға заңда белгiленген тәртiппен шаралар қабылдансын. <*>
      ЕСКЕРТУ. Қаулы жаңа 4-тармақпен толықтырылды, 4-тармақ 5-тармақ
               болып саналды - ҚРҮ-нiң 1996.10.04. N 1233 P961233_
               қаулысымен.
      5. "Жекешелендiру кәсiпорындардың мемлекеттiк акциялар пакеттерiнiң бiр бөлiгiн қор биржасында сату туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 тамыздағы N 1154 қаулысының 1-қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 29, 347-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      Жарғылық қордың 10 процентi мөлшерiндегi акциялардың мемлекеттiк пакетi Орта Азиялық қор биржасында сатылуға жататын акционерлiк қоғам болып қайта құрылған кәсiпорындардың тiзбесiнен, рет нөмiрi 3-шi "Шымкент қорғасын зауыты" АҚ алынып тасталсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады