Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң мәселелерi<*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 3 маусым N 672. Қаулының тақырыбы мен мәтiнiндегi сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң 1996.06.28. N 828 ~P960828 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. Қаулының атауы мен мәтiнiндегi сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң 1997.07.09. N 1090 қаулысымен. ~P971090 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.10.26. N 1597 қаулысымен. ~P001597

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1997.02.06.
               N 170 қаулысымен. P970170_
      2. Бiрлестiк қызметкерлерi үшiн еңбекақы қорынан 40 процент мөлшерiнде және әлеуметтiк-сауықтыру қорынан әр қызметкерге екi жалақысынан аспайтын мөлшерде материалдық ынталандыру қоры бекiтiлсiн.
      Басшы қызметкерлерге сыйлықақы беру мөлшерi басшысын қоса алғанда, Бiрлестiк бойынша қалыптасқан сыйлықақы беру процентiнiң орташа деңгейiнде белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесi Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң басшы қызметкерлерi материалдық-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсету шарттары бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының қызметкерлерiне теңестiрiлсiн. <*>
      4. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 16 қарашадағы N 1545 қаулысымен бекiтiлген Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң Жарғысы осы қаулыға сәйкес келтiрiлсiн.
      5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс басқармасы Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 қазандағы N 1160 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады