Қазақстан Республикасының ТМД елдерiмен мемлекетаралық берешектердi реттеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 26 маусымдағы N 797

      Қазақстан Республикасының ТМД елдерiмен мемлекетаралық қаржы талаптарын реттеу жөнiндегi шаралар жүйесiн практикалық жүзеге асыру және үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының ТМД елдерiмен мемлекетаралық берешектердi реттеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының ТМД елдерiмен мемлекетаралық берешектердi реттеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы ұсынылған Ереже бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары

бiр ай мерзiм iшiнде ТМД елдерiмен мемлекетаралық берешектердi
реттеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияға төлем тәртiбі мен есеп
айырысу жүйесiн нығайту жөнiндегi шаралар туралы ұсыныстарын берсiн.
     4. ТМД елдерiмен мемлекетаралық берешектердi реттеу жөнiндегi
ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң шешiмiн
талап ететiн мәселелер жөнiндегi құжаттарды әзiрлеп, енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 26 маусымдағы
                                          N 797 қаулысына
                                               қосымша

          Қазақстан Республикасының ТМД елдерiмен мемлекетаралық
        берешектердi реттеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның
                                 ҚҰРАМЫ

     Абдоллин Қ.А.         - Қазақстан Республикасының Тәуелсiз
                             Мемлекеттер Достастығы елдерiмен
                             ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк
                             комитетiнiң төрағасы, комиссия
                             төрағасы

     Бегахметов Т.Қ.       - Үкiмет Аппараты Басшысының орынбасары,
                             комиссия төрағасының орынбасары

     Мұқашев Ж.Ж.          - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
                             бiрiншi орынбасары, комиссия төрағасының
                             орынбасары

     Шоқпытов А.М.         - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
                             мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                             комитетi төрағасының бiрiншi
                             орынбасары
     Тиесов С.А.           - Қазақстан Республикасы Энергетика және
                             көмiр өнеркәсiбi министрiнiң бiрiншi
                             орынбасары

     Романов А.Ф.          - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                             министрiнiң орынбасары

     Кинасов О.Г.          - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
                             өнеркәсiбi министрiнiң орынбасары

     Дамитов Қ.Қ.          - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
                             төрағасының орынбасары /келiсiм бойынша/

     Оспанов Х.А.          - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және
                             сауда министрiнiң орынбасары

     Ваисов М.К.           - Қазақстан Республикасы Әдiлет
                             министрiнiң орынбасары

     Оразбақов Ғ.I.        - Қазақстан Республикасы Көлiк және
                             коммуникациялар министрiнiң орынбасары

     Жәрменов Б.Б.         - Қазақстан Республикасы Экономика
                             министрлiгiнiң аумақтық саясат
                             бас басқармасының бастығы

     Исқанова А.К.         - Қазақстан Республикасы Ынтымақтастық
                             жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң
                             экономикалық проблемалар басқармасының
                             бастығы, жауапты хатшы

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 26 маусымдағы
                                          N 797 қаулысымен
                                             бекiтiлген

          Қазақстан Республикасының ТМД елдерiмен мемлекетаралық
       берешектердi реттеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы
                                  ЕРЕЖЕ

                           1. Жалпы ережелер 
     


      Қазақстан Республикасының ТМД елдерiмен мемлекетаралық берешектердi ретке келтiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы /бұдан былай - Ведомствоаралық комиссия/ ТМД мемлекеттерiмен қаржылық талаптарды реттеуде мемлекет саясатын iс жүзiнде жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi ережелердi әзiрлеу және шешiмдер қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының, Ұлттық Банкiнiң өкiлдерiнен құрылған бiрлескен орган болып табылады. Ведомствоаралық комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Ведомствоаралық комиссияны төраға басқарады. Комиссия құрамына сондай-ақ төрағаның орынбасары, комиссия мүшелерi және хатшы кiредi.
      Ведомствоаралық комиссияның құзыретiне Қазақстан Республикасының ТМД елдерiмен мемлекетаралық (үкiметаралық) келiсiмдердi орындау жөнiнде қаржылық талаптарды реттеуге байланысты мәселелердi қарау кiредi.
      Ведомствоаралық комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң жарлықтарын, қаулыларын, өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы қол қойған және бекiткен халықаралық келiсiмдердi басшылыққа алады.
      Ведомствоаралық комиссияның мәжiлiсiне материалдарды, жұмыс мәжiлiсiнiң күнделiктi регламентi мен кестесiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен, Ұлттық Банкiмен және Қазақстан Республикасының басқа да министрлiктерiмен ведомстволарымен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасының ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi әзiрлейдi және комиссия төрағасымен келiсiлгеннен кейiн комиссияның әрбiр мүшесiне таратылады.
      Ведомствоаралық комиссияның шешiмi комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады және дауыстар тең болған жағдайда төрағаның даусы шешушi мәнге ие болады. Ведомствоаралық комиссияның шешiмi оның мәжiлiсi хаттамасымен ресiмделедi және төраға мен хатшы

қол қояды.
     Ведомствоаралық комиссияның шешiмдерiн Қазақстан Республикасының
министрлiктерi, ведомстволары және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi
мiндеттi түрде орындайды.
     Ведомствоаралық комиссия өз жұмысы туралы Қазақстан
Республикасының Үкiметi алдында есеп бередi.

        II. Ведомствоаралық комиссияның негiзгi мiндеттерi
                           мен функциялары

     Ведомствоаралық комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып
табылады:


      ТМД мемлекеттерiмен мемлекетаралық (үкiметаралық) Келiсiмдердi орындау шеңберiнде төлем-қаржылық қатынастарды талдау;
      ТМД мемлекеттерiмен қаржылық талаптарды реттеу тетiгi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      мемлекетаралық келiсiмдерге қатысушы-шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттiк қарыздары мен мiндеттемелерiн өтеу процестерiн бақылау және талдау;
      Ведомствоаралық комиссия өзiн жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасын ТМД елдерiмен өзара есептесу мәселелерiн шешкен кезде мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi;
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне ТМД елдерiмен мемлекетаралық өзара есеп айырысу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi ережелерi жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
      ТМД елдерiмен өзара есеп айырысу мәселелерi жөнiнде министрлiктер мен ведомстволардың, ұйымдардың, атқарушы-өкiметтiң жергiлiктi органдарының өзара iс-қимыл қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
      Ведомствоаралық комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiнде қажеттi нормативтiк және нұсқамалық құжаттардың жобасын әзiрлейдi;
      мемлекетаралық қаржылық талаптарды реттеу бойынша iс-жүзiндегi шараларды жүзеге асыру жөнiндегi шешiмдер жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекетаралық қаржылық талаптарды реттеу жөнiндегi шешiмдерiн жүзеге асыру мәселелерiнде жедел шаралар қолданады;
      мемлекеттiк қарыздардың өтелуiне бақылауды қамтамасыз етедi, қажет болған жағдайда Мемлекетаралық келiсiмге қатысушы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында өзара берешектерiне тексеру жүргiзудi ұйымдастырады;
      мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың, атқарушы өкiметтiң жергiлiктi органдарының, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң Ведомствоаралық комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiнде ұсыныстарын қарайды;
      өз мәжiлiстерiнде министрлiктердiң, ведомстволардың, ұйымдардың ТМД мемлекеттерiмен қаржылық талаптарды реттеу жөнiндегi проблемалары мен жұмыс нәтижелерi туралы есептерiн тыңдайды.

      III. Ведомствоаралық комиссияның құқығы

      Ведомствоаралық комиссия өз құзыретiне кiретiн мәселелердi шешу кезiнде:
      министрлiктерден, ведомстволардан, атқарушы өкiметтiң жергiлiктi органдарынан, қаржы және салық органдарынан, кәсiпорындар мен ұйымдардан өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi құжаттарды белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
      министрлiктер мен ведомстволардан, мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардан жекелеген проблемалар мен мәселелердi пысықтау үшiн мамандар тартуға, қажет болған жағдайда жұмыс тобын құруға;

      ТМД елдерiмен ынтымақтастық мемлекетаралық (үкiметаралық) Келiсiмдi жүзеге асыруға қатысу үшiн тендерлiк негiздегi тәртiппен, меншiк нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi айқындауға;
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтiк базасын жетiлдiру жөнiнде Ведомствоаралық комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелердi шешу жөнiнде ұсыныс енгiзуге құқылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады