ДОСААФ қарауындағы оқу орындарын, үйлердi, ғимараттар мен әскери-техникалық мүлiктердi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне беру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 12 шiлде N 896. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.08.06. N 969 қаулысымен.

      ДОСААФ қарауындағы барлық мүлiктер жалпы мемлекеттiк қаржылық және материалдық ресурстар есебiнен құрылғанын, әскери-техникалық мүлiк ДОСААФ-қа Әскери Күштерге арналған әскери-техникалық мамандар даярлау үшiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi желiсi бойынша берiлгенiн ескерiп және ДОСААФ жеке меншiк нысанындағы қоғамдық бiрлестiк болып табылатынын, ал "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Әскери Күштерi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, еңбек ұжымдарының меншiгiне көшуге, сатып алу-сату объектiсi болуға жатпайтын әскери-техникалық мүлiк, техника мен жабдықтар республикалық меншiк болып табылатынын еске алып, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi ДОСААФ-пен бiрлесiп бiр апта мерзiмде 1-қосымшаға сәйкес әскери-техникалық мектептер мен клубтардың үйлерiн, ғимараттары мен мүлкiн олардың негiзгi жабдықтарымен, оқу-материалдық және техникалық базасымен, сондай-ақ 2-қосымшаға сәйкес әскери-техникалық мектептер мен клубтардың мүлкiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң балансына берсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi бiр апта мерзiмде Қарулы Күштерге арналған әскери-техникалық мамандардың оқу-материалдық базасы мен ұдайы даярлығын одан әрi жетiлдiру үшiн оқу ұйымдарын, үйлердi, ғимараттар мен мүлiктi, сондай-ақ мектептер

мен клубтардың оқу-материалдық базасының мүлкiн өз балансына қабылдап
алсын.
     3. Қабылдап алынған әскери-техникалық мектептер мен клубтарды
қаржыландыруды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне
бөлiнген бюджеттiк қаражаттар шегiнде жүзеге асырсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
          орынбасары

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                           1996 жылғы 12 шiлдедегi
                                              N 896 қаулысына
                                                  1-қосымша

          Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне
             беруге арналған оқу орындарының, олардың
             үйлерiнiң, ғимараттары мен мүлiктерiнiң

                              ТIЗБЕСI

     1. Ақтөбе автомобиль мектебi
     2. Алматы бiрiккен техникалық мектебi
     3. Атырау бiрiккен техникалық мектебi
     4. Жамбыл бiрiккен техникалық мектебi
     5. Қарағанды техникалық мектебi
     6. Қостанай бiрiккен техникалық мектебi
     7. Көкшетау автомобиль мектебi
     8. Қызылорда автомобиль мектебi
     9. Павлодар бiрiккен техникалық мектебi
     10. Петропавл автомобиль мектебi
     11. Семей бiрiккен техникалық мектебi
     12. Талдықорған автомобиль мектебi
     13. Орал автомобиль мектебi
     14. Өскемен техникалық мектебi
     15. Шымкент бiрiккен техникалық мектебi
     16. Қарағанды авиация орталығы
     17. Алматы әуе клубы
     18. Щучье автомобиль мектебi

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                           1996 жылғы 12 шiлдедегi
                                              N 896 қаулысына
                                                  2-қосымша

          Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне
             беруге жататын оқу орындарының, мүлiктiң

                              ТIЗБЕСI

     1. Ақмола радиотехника мектебi
     2. Ақмола техникалық мектебi
     3. Ақмола авиациялық-спорт клубы
     4. Ақтау радиотехника мектебi
     5. Ақтөбе радиотехника мектебi
     6. Атбасар автомобиль мектебi
     7. Аягөз автомобиль мектебi
     8. Балқаш автомобиль мектебi
     9. Булаев автомобиль мектебi
     10. Глубоков автомобиль мектебi
     11. Жетiғара автомобиль мектебi
     12. Зырян автомобиль мектебi
     13. Қарағанды радиотехника мектебi
     14. Темiртау автомобиль мектебi
     15. Төлеби автомобиль мектебi
     16. Түркiстан автомобиль мектебi
     17. Орал авиациялық-спорт клубы
     18. Өскемен авиациялық-спорт клубы
     19. Өскемен радиотехникалық мектебi
     20. Өскемен теңiз мектебi
     21. Шалқар автомобиль мектебi
     22. Шелек автомобиль мектебi
     23. Шымкент авиациялық-спорт клубы
     24. Екiбастұз автомобиль мектебi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады