Қ.А. Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрiк университетi құрылысының мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 16 шiлде N 906

      Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Түрiк Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Түркiстан қаласында Қ.А. Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрiк университетiн құру туралы келiсiмдi жүзеге асыру және оның құрылысын кешендi жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Түркiстан қаласындағы Қ.А. Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрiк университетiнiң объектiлерiн республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын, басымдықтар тiзбесiне енгiзсiн.
      2. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығының 86-бабының 2-тармағына, 61-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Z952368_ Заң күшi бар Жарлығының 149-бабының 6-тармағына сәйкес Қ.А. Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрiк университетiнiң құрылысын жабдықтауға арналған қайырымдылық мақсатында және қайтарымсыз негiзде Қазақстан Республикасына әкелiнген тауарлар университет кешенiнiң құрылысын салу кезеңiнде қосылған құнға салынған салықтан, акциздер мен кеден бажынан босатылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi бұл жұмыстардың

орындалуын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен
қамтамасыз етсiн.
     4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы
Қаржы-валюта бақылау комитетi университетiнiң құрылысын салуға және
жабдықтауға әкелiнген тауарлардың, және осы мақсаттар үшiн бөлiнген
қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрiнiң
           орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады