Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Социология және саясаттану институтын тарату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 29 шiлдедегi N 940

      Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының ғылыми мекемелерi жүйесiн оңтайландыру, кадр әлеуетi мен бюджет қаржысын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Социология және саясаттану институты таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы заңдарда белгiленген тәртiппен тарату процедураларын жүргiзсiн.
      3. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады