Мемлекеттiк шығыстарды басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қазынашылықтың қызметiн жандандыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 7 тамыз N 977

      Мемлекеттiң ақша ағынын басқаруды жақсарту, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылықтың ролiн күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдары:
      келесi жылға республикалық бюджеттi бекiткеннен кейiн екi апта мерзiм iшiнде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың аумақтық тиесiлiгiне қарай жиынтық және жеке шығыс сметаларын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне беретiн болсын;
      бюджеттiк қаражатты қазынашылық рұқсаттарда белгiленген лимиттер мөлшерiнде жұмсасын;
      республикалық бюджет бекiтiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiнен қосымша бюджеттiк қаржы бөлудi өтiну практикасын тоқтатсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      мемлекеттiк банктердiң және нысаналы қаржыландыру қорларының республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражатты пайдалануына қатаң бақылау орнатсын;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың бюджеттiк және ағымдағы шоттарының шығыстары жөнiндегi төлем құжаттарына алдын ала бақылау жасауды енгiзсiн;
      Қазақстан Республикасының Кеден комитетiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде кедендiк ресiмдеу кезiнде бюджеттiң кiрiсiне төленетiн кедендiк төлемдер мен салықтардың бюджеттiң кiрiсiне күнделiктi түсуiн көздей отырып, оларды есептеудiң тәртiбiн әзiрлесiн;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджет банкi жүйесiнiң қалыптасуына қарай қазынашылық рұқсаттарды кезең-кезеңiмен енгiзу арқылы республикалық бюджет шығыстарын қаржыландырудың жаңа тәртiбiн енгiзуге кiрiссiн;
      тиiмдiлiгiн арттыру мен атаулылығын жетiлдiру мақсатымен бюджеттiк қаражатты жұмсаудың басымдығын (ағымдағы шығыстар үшiн, сондай-ақ күрделi қаржы үшiн) қайта қарасын;
      1998 жылы республикалық бюджеттiң кiрiсi мен шығысы жөнiндегi қазынашылық операцияларды басқарудың компьютерлiк жүйесiн iске қоссын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қазынашылық пен оның аймақтық органдарының арасында коммуникация

жүйесiн енгiзу бағдарламасын әзiрлесiн;
     республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың валюта
шоттарын ашу тәртiбi мен жұмыс режимiн әзiрлесiн және 1996 жылдың 
1 қазанына қарай Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады