Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" республикалық шығармашылық-өндiрiстiк бiрлестiгiн қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1032

      Кинематографияда реформаларды тереңдету, фильмдер шығаруға жұмсалатын бюджеттiк қаражатты қысқарту, материалдық-техникалық базаны дамыту үшiн шетелдiк инвестицияларды тарату және Қазақстанда киноөндiрiсiн ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" республикалық шығармашылық-өндiрiстiк бiрлестiгi:
      а) жедел басқару құқығына негiзделген мемлекеттiк кәсiпорын нысанындағы Ш.Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасына;
      б) мекеме нысанындағы Ұлттық продюсерлiк орталыққа бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк компаниясы /бұдан әрi - "Қазақкино" мемлекеттiк компаниясы/ мемлекеттiк кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы уәкiлдi орган болып белгiленсiн.
      3. "Қазақкино" мемлекеттiк компаниясы бiр ай мерзiм iшiнде мемлекеттiк кәсiпорнының және мекемесiнiң Жарғыларын бекiтсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Қазақкино" мемлекеттiк компаниясымен бiрлесiп бөлу балансы бойынша белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылған бiрлестiктiң мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындасын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады