"Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 6 қыркүйек N 1091. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.02. N 925 қаулысымен.

       ЕСКЕРТУ. Бұл қаулының күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1998.02.03. N 73   қаулысымен
       ЕСКЕРТУ. Бұл қаулы 1998 жылдың 6 қыpқүйегiнен бастап қайта күшiне ендi және бipiншi абзацы, 1 және 4-таpмақтаpы алынып тасталды, 2,3 және 5-таpмақтаp тиiсiнше 1,2 және 3-таpмақтаp болып саналды - ҚРҮ-нiң 1998.02.19. N 120   қаулысымен

      Жалпы пайдаланатын телекоммуникация жүйелерiн одан әрi дамыту мен модернизациялау, сондай-ақ телекоммуникациялық қызмет көрсетудi дамыту мен жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланылатын телекоммуникациялар жүйесiн дамытуға және модернизациялауға арналып Үкiметтiң кепiлдiгiмен алынған шет ел кредитiн уақтылы өтеу жөнiнде қолайлы жағдай туғызу үшiн "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының мәртебесi Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланылатын телекоммуникациялары бiрыңғай жүйесiнiң ұлттық операторы және қалааралық әрi халықаралық байланысты эксклюзивтi операторы ретiнде бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Қазақтелекомға" қосымша алты жылдық кезеңге ұзарту мүмкiндiгiмен Келiсiм шарттарына сәйкес тоғыз жыл мерзiмге лицензия берсiн. Субъектiлердiң телекоммуникация саласындағы қызметiн жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтiнiштерiн қарау кезiнде жалпы пайдаланудағы телекоммуникация жүйелерi ұлттық операторының пiкiрi ескерiлсiн және олардың мүдделерiне қысым жасауға жол берiлмесiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының компания шығарған акцияның 49 (қырық тоғыз) процентiне сәйкес келетiн, 5946900 (бес миллион тоғыз жүз қырық алты мың тоғыз жүз) дауыс беретiн әдеттегi акциясын сату үшiн беретiн болсын.

      Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрiнiң
     орынбасары 

 

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады