1997 жылға арналған Қазақстан Республикасы Әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтi жоспары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 23 қыркүйек N 1161

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 1997 жылға арналған Мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары туралы баяндаманың құрамындағы 1997 жылға арналған Қазақстан Республикасы Әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтi жоспары және Қазақстан Республикасының 1997 жылға арналған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының негiзгi көрсеткiштерi бекiтiлсiн.
      1997 жылға арналған Қазақстан Республикасы Әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтi жоспары Қазақстан Республикасының 1997 жылға арналған республикалық бюджетiнiң жобасымен бiрге хабарлама тәртiбiмен Қазақстан Республикасының Парламентiне жiберiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Экономика министрi Ө.Е. Шүкеев Қазақстан Республикасының 1997 жылға арналған республикалық бюджетiнiң жобасын Парламентте қарау кезiнде "1997 жылға арналған Мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары туралы" баяндама жасасын.
      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге де атқарушы органдары, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi 1997 жылға арналған Қазақстан Республикасы Әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтi жоспары негiзiнде 1996 жылдың 5 қазанына дейiн 1997 жылға арналған салалық және аумақтық әлеуметтiк-экономикалық дамудың индикативтi жоспарын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының 1997 жылға арналған республикалық бюджетiн әзiрлеу кезiнде 1997 жылға арналған Қазақстан Республикасы Әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтi жоспарының болжалды макроэкономикалық көрсеткiштерiн ескерсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының министрлiктерiмен, мемлекеттiк комитеттерiмен, өзге де атқарушы органдарымен бiрлесiп 1997 жылға арналған жекелеген болжалды макроэкономикалық көрсеткiштердi нақтыласын және 1996 жылдың 1 желтоқсанына дейiн Қазақстан Республикасының Парламентiне:
      өндiрiстi дамыту, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық үшiн монополист-кәсiпорындардың шығаратын өнiмiне (жұмыстар, көрсетiлетiн қызмет) бағаның өсуi мен тарифтер жөнiнде;
      Қазақстан Республикасының 1997 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы жөнiнде - Қазақстан Республикасының 1997 жылға арналған республикалық бюджетi бекiтiлгеннен кейiн;
      сыртқы экономикалық қызметтi тарифтiк және тарифтiк емес реттеудi жетiлдiру жөнiнде;
      1997 жылға арналған Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң реформаны тереңдету жөнiндегi кеңейтiлген iс-шаралар жоспары жөнiнде және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi iс-қимыл Бағдарламасы мен Жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi Ұлттық Банкпен және Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп 1996 жылдың 10 желтоқсанына дейiн Қазақстан Республикасы салалық министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң және өзге де орталық атқарушы органдарының, iрi кәсiпорындардың, компаниялардың, және банктердiң басшыларымен кездесулер (консультациялар) өткiзсiн және 1997 жылға арналған мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттар мен 1997 жылға арналған

Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын болжаудың негiзгi 
көрсеткiштерiн талқыласын.
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Ұлттық Банкiнiң 1997 жылғы 
экономикалық және қаржы саясаты туралы мәлiмдемесi 1996 жылғы 
20 желтоқсаннан кешiктірiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады