Қазақ акционерлiк агроөнеркәсiп банкi акцияларының мемлекеттiк пакетiн айырбастау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 25 қыркүйек N 1171

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      Қазақ акционерлiк агроөнеркәсiп банкi акцияларының мемлекеттiк пакетiн тiзiмге сәйкес белгiленген тәртiпте қызметтiк үйлерге айырбастауды жүргiзсiн;
      Қазақ акционерлiк агроөнеркәсiп банкiнен алынған үйлердi ауылдық жерлерде құрылған кредиттiк серiктестердiң жалдауына табыстасын;
      үйлердi кредиттiк серiктестерге табыстағанға дейiн оларды Қазақ акционерлiк агроөнеркәсiп банкiне жалдау құқында қалдырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлiгi Қазақ акционерлiк агроөнеркәсiп банкiмен және облыстар мен аудандардың әкiмдерiмен бiрлесе отырып, азаматтық заңдарда көзделген ұйымдастыру құқықтық нысандарда кредиттiк серiктестер құру жөнiнде жұмыс

жүргiзсiн.
     3. Құрылатын кредиттiк серiктестерге Қазақ акционерлiк
агроөнеркәсiп банктерiнiң бөлiмшелерiнде ағымдағы есеп ашуға ұсыным
жасалсын және оларға қызметтiк үй-жайларының басы артық көлемiн
жалға беруге рұқсат етiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
     

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                     1996 жылғы 25 қыркүйектегi
                                           N 1171 қаулысына
                                              қосымша 
     
         1996 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша Қазақагроөнеркәсiп
                  банкiнiң филиалдары қызметтiк үйлерiнiң
                                  ТIЗIМI 
____________________________________________________________________
     Филиалдардың атауы және              іҚызметтiк үйдiң баланстық
     олардың мекен-жайлары                і   құны (мың теңге)
____________________________________________________________________
                  1                       і            2
____________________________________________________________________
     1. Ақмола облысы
     Астрахань аудандық филиалы,
     Астраханка селосы                           7838
     2.Ақтөбе облысы
     Хромтау аудандық филиалы,
     Хромтау қ.                                  3328
     Қобда аудандық филиалы,
     Новоалексеевка селосы                        351
     Байғанин аудандық филиалы,                   409
     Байғанин п.
     3. Атырау облысы
     Құрманғазы аудандық филиалы,
     Ганюшкин селосы                              583
     Қызылқоға аудандық филиалы,
     Миялы селосы                                 669
     Балықшы аудандық филиалы,
     Балықшы құп.                                 551
     Жылыой аудандық филиалы,
     Құлсары құп                                  522
     Сүйiндiк с.                                   17
     Индер с.                                     348
     4. Шығыс Қазақстан облысы
     Ұлан аудандық филиалы,
     Никитинка селосы                            1123,1
     5. Жамбыл облысы
     Сарысу аудандық филиалы,
     Саудакент с.                                 354,4
     Мерке селосы                                1502
     Ассы селосы                                  877
     6. Жезқазған облысы
     Ұлытау аудандық филиалы,
     Ұлытау селосы                              2698
     Шашубай селосы                               12
     Атасу селосы                               1333
     7. Батыс Қазақстан облысы
     Жәнiбек аудандық филиалы,
     Жәнiбек құп                                  29
     Зеленов аудандық филиалы,
     Переметное селосы                          1479
     Шыңғырлау аудандық филиалы,
     Шыңғырлау құп                              5695
     8. Қарағанды облысы
     Молодежный аудандық филиалы,
     Молодежное құп                               119
     Баршын селосы                                 43
     9. Қызылорда облысы
     Сырдария аудандық филиалы,
     Тасбөгет құп                               5741
     10. Көкшетау облысы
     Уәлиханов аудандық филиалы,
     Уәлиханов селосы                           2698,9
     Чистополь аудандық филиалы,
     Чистополье селосы                          3626
     11. Қостанай облысы
     Алтынсарин аудандық филиалы,
     Ү. Чураковка селосы                          226
     Жетiғара селосы                              873
     12. Маңғыстау облысы
     Маңғыстау аудандық филиалы,
     Шетпе құп                                   1951
     Бейнеу аудандық филиалы,
     Бейнеу құп                                   800
     Тапқараған аудандық филиалы,
     Форт-Шевченко қ.                             871
     13. Павлодар облысы
     Ақтоғай аудандық филиалы,
     Ақтоғай селосы                               211
     Ертiс селосы                                 734
     14. Солтүстiк Қазақстан облысы
     Бескөл аудандық филиалы,
     Бескөл селосы                               2369
     15. Талдықорған облысы
     Үйгентас аудандық филиалы,
     Қабанбай ауылы                              7111
     Қаратал аудандық филиалы,
     Үштөбе қ.                                    365
     Үшарал қ.                                     97
     16.Торғай облысы
     Есiл аудандық филиалы,
     Есiл қ.                                     1713
     Октябрь аудандық филиалы,
     Октябрь селосы                              1677
     17. Оңтүстiк Қазақстан облысы
     Түлкiбас аудандық филиалы,
     Т.Рысқұлов ауылы                             811
     Ордабасы аудандық филиалы,
     Темiрлан селосы                              559
     Шардара селосы                               967
     Ильич селосы                                 163
     18. Семей облысы
     Ү.Владимировка селосы                       3370
     ______________________________________________________________
     ЖИЫНЫ                                      66808 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады