Телерадио хабарлары мен деректер берудiң ұлттық спутниктiк жүйесiнiң мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 4 қазан N 1234

      Телерадио хабарлары мен деректер берудiң ұлттық спутниктiк жүйесiн енгiзудi жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Телерадио хабарлары мен деректер берудiң ұлттық спутниктiк жүйесiнiң (ТХ және ДБҰСЖ) бiрiншi кезегiнiң iске қосылу мерзiмi 1997 жылдың бiрiншi тоқсаны деп белгiленсiн.
      2. Телерадио хабарлары мен деректер берудiң ұлттық спутниктiк жүйесiн құру мен пайдалану "Қазақстандық телекоммуникациялар" акционерлiк қоғамына жүктелсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Қазақстандық телекоммуникациялар" акционерлiк қоғамына бiр апта мерзiмде телекоммуникация саласындағы мына қызметтерге: мемлекеттiк және коммерциялық телерадио хабарларын тарату жөнiнде қызмет көрсетуге; телерадио хабарлары мен деректер берудiң ұлттық спутниктiк жүйесi құралдарымен деректер беру қызметiн көрсетуге байланысты бас лицензия берсiн.
      4. Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң келiсiмi бойынша "Телерадио хабарлары мен деректер берудiң ұлттық спутниктiк жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 қыркүйектегi N 1284 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 31, 388-құжат) тиiстi өзгертулер мен толықтырулар енгiзсiн.
      5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 қыркүйектегi N 1284 қаулысының жүзеге асыру барысы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 мамырдағы N 578 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
      6. Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары И.Н.Тасмағамбетовке жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады