Ауыл шаруашылығы маркетингiн мемлекеттiк ақпараттық қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 1 қараша N 1333

      Ауыл шаруашылығы нарығының сұранысы мен ұсынысын теңдестiру үшiн жағдай жасау, аграрлық сектор өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, тауар өндiрушiлердi нарықтық конъюнктурасы туралы ақпаратпен дер кезiнде, сенiмдi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ауыл шаруашылығы маркетингiн мемлекеттiк ақпараттық қамтамасыз ету туралы ұсынысы мақұлдансын.
       Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне нарықтық конъюнктурасын зерделеудi тұрақты жетiлдiру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (жарнамалық сипатта емес) маркетингтiк ақпаратты кеңiнен таратуды қамтамасыз ету тапсырылсын.
      2. Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк (келiсiмi бойынша), "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорация (келiсiм бойынша), "Хабар" агенттiгi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне мемлекеттiк тапсырыс есебiне ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нарығы жаңалық материалдарын тегiн орналастыру үшiн радио мен теледидарға апта сайын 15 минут уақыт, "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiне - 200 шаршы сантиметр орын бөлсiн.
      3. "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнiң редакциялары 10 күн мерзiм iшiнде материалды берудiң техникалық мәселелерiн тиянақтасын және ауыл үшiн маркетингтiк ақпарат берудi қамтамасыз етсiн.
      4. Облыстар мен аудандардың әкiмдерi Баспасөз және бұқаралық

ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiктiң (келiсiм бойынша)
жергiлiктi органдармен бiрлесiп ауыл шаруашылығы нарығының
жаңалықтарын бұқаралық ақпараттың жергiлiктi құралдары арқылы
таратуды ұйымдастырсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады