Агроқұрамаларға мал дәрiгерлiк қызмет көрсету және малдарды түгендеудi жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 14 қараша N 1386

      Ауыл шаруашылығы малдарының аса қауiптi аурулары жөнiндегi күрделi iндеттiк жағдайға байланысты және халықтың жеке меншiгiндегi малдарға мал дәрiгерлiк қызмет көрсетудi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Облыстардың, қалалардың, аудандардың, поселкелердiң (ауылдардың) әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi 1996 жылғы 15 желтоқсанға дейiн шаруашылықтардың барлық санаттарында, шаруа (фермер) қожалықтарын жеке меншiк иелерiнiң келiсiмi бойынша жеке аулаларды қоса алғанда, қажеттi мал дәрiгерлiк-профилактикалық шараларын, сонымен бiр мезгiлде малдардың аумаққа және шаруашылыққа жатқызылуын айқындайтын таңбалау (түгендеу) жұмыстарын жүргiзе отырып өткiзудi ұйымдастырсын.
      2. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi экономика жөнiндегi комитеттердiң, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының және облыстық iшкi iстер басқармасының өкiлдерiнен - жауапты қызметкерлерi құрамында малдарды мал дәрiгерлiк-профилактикалық емдеу мен таңбалауды жүргiзу бойынша комиссия құратын болсын.
      3. Жеке аулалардағы және жеке тұлға ретiнде рәсiмделген шаруа қожалықтарындағы профилактикалық емдеу мен таңбалау қорытындылары поселкелер (ауылдар) әкiмдерiнiң шаруашылық кiтаптарында жазылуы тиiс, олардың көшiрмесi сату, тасымалдау, iндетке қарсы шараларды жүргiзу кезiнде, сондай-ақ сатылған өнiмдер үшiн мемлекеттiк қаржылай қолдау бөлу кезiнде олардың меншiк иесiне жататындығын айғақтайтын негiзгi құжат болып табылады.
      4. Облыстардың, қалалар мен аудандардың әкiмдерiне қажеттi мөлшерде мал дәрiгерлiк биопрепараттарын сатып алуға, құралдар мен нөмiрлi сырғалар әзiрлеуге қаражат iздестiру мiндеттелсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi және оның жергiлiктi жерлердегi органдары 1997 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кезектi жаппай мал санағын жүргiзу кезiнде малдарды түгендеудiң (таңбалаудың) республикада жүргiзiлген қорытындыларын мiндеттi түрде ескертетiн болсын.
      6. Облыстардың, қалалардың, аудандардың, поселкелердiң (ауылдардың) әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi ауыл шаруашылығы малдарының аса қауiптi ауруларына қарсы, сонымен бiр мезгiлде оларды таңбалай отырып, малдарды мал дәрiгерлiк-профилактикалық емдеудi жүргiзу қажеттiгi жөнiнде халық арасында түсiндiру жұмысын жүргiзсiн.
      7. Облыстардың, қалалардың, аудандардың, поселкелердiң (ауылдардың) әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Мал дәрiгерлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 25 шiлдедегi N 2376 U952376_ Жарлығын барлық жеке адамдар мен заңды ұйымдардың орындауына

мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалауды ұйымдастыру жөнiнде мүмкiн 
шаралар қабылдайтын болсын.
     8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады