1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорына бөлiнген бюджеттiк несиенi есептеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 18 қараша N 1399

      1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына бөлiнген бюджеттiк несие бойынша мерзiмi кешiктiрiлген берешегi болуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1996 жылға арналған республикалық бюджетке көзделген қаржы сомасы шотына 1996 жылғы 1 қарашадағы жағдайы бойынша проценттерi қосылған 301926,0 мың теңге сомасындағы несиеге мынадай есептеу жүргiзсiн:
      "Еңбекақыға есептеу" 2-бабы бойынша Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне - 112115,2 мың теңге, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне 12000 мың теңге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне - 18000 мың теңге, Шекара әскерлерi әскери институтына 800 мың теңге;
      Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне санаторийлық-курорттық емдеудi төлеуге және пайдаланылмаған санаторийлық-курорттық жолдамаларды өтеуге 85510,8 мың теңге;
      Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне - Қызылорданың 6-ЖЭО алдындағы қарызын өтеу үшiн, оның Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 19000 мың теңге берешегi шегiнде;
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне - Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры алдындағы берешегi шегiнде Семей "Гортеплокоммунэнерго" өндiрiстiк бiрлестiгi алдындағы кредиттiк берешегiн өтеуге - 8000 мың теңге және ЖЭО-ға - 21000 мың теңге, Алматы трамвай-троллейбус басқармасына 25500 мың теңге.
      Аталған есептеу 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
      Зейнетақы қоры осы қаулымен жүргiзiлген есептеуге жоғарыда көрсетiлген төлем төлеушiлердiң Зейнетақы қорының алдындағы берешегiн өтеудi ескере отырып Зейнетақы қорының 1996 жылға арналған кiрiстер және шығыстар бөлiгiнде тиiстi өзгерiстер енгiзсiн;

     Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорымен
санаторийлық-курорттық емдеудi төлеу және пайдаланбаған
санаторийлық-курорттық жолдамалардың өтемақысы жөнiндегi берешектi
есептеу сомасы бойынша өзара қатысы жөнiнде тиiстi операциялар
жүргiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады