Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 18 қараша N 1401

      Кәсiпорындардың республикалық бюджетке жинақталып қалған берешектерiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң "Балқаш Лтд" акционерлiк кен-руда компаниясының республикалық бюджет кiрiсiне есептелуге жататын 100 (жүз) млн. теңге сомасындағы берешегi мен Республикалық жер қойнауын қорғау және минералды-шикiзат базасын ұдайы өндiру қорынан (бұдан былай - Қор) қаржыландырылатын "ГЕОТЕКС" акционерлiк қоғамына мемлекеттiк геологиялық зерделеу жөнiндегi орындаған жұмыстары үшiн берешегiне есептеме жүргiзу туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Балқаш Лтд" акционерлiк кен-руда компаниясының республикалық бюджет алдындағы 100 (жүз)млн. теңге сомасындағы, оның iшiнде қосылған құнға салынатын салық - 76 (жетпiс алты) млн. теңге, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы 22 (жиырма екi) млн. теңге, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы - 2 (екi) млн. теңге берешегiн Қордан қаржыландырылатын "ГЕОТЕКС" акционерлiк қоғамының орындаған жұмысы үшiн оның республикалық бюджетке берешегiн өтеу шотына есептеме жасасын.
      3. "Балқаш Лтд" акционерлiк кен-руда компаниясы мен "ГЕОТЕКС" акционерлiк қоғамы жасалған есептеменi ескере отырып өзара қарым-қатынастарын шарттық келiсiммен реттейтiн болсын.
      4. Бюджеттiк қарыздар бойынша аталған есептеме 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады