Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 қыркүйектегi N 1151 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 25 қарашадағы N 1437

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеме жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 қыркүйектегi N 1151 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң "Борлы" акционерлiк қоғамының ("Карагандауглеразрезы" мемлекеттiк кәсiпорны) "Борлы" акционерлiк қоғамының орталықтандырылған несие бойынша республикалық бюджетке берешегiн өтеу есебiне 58045 (елу сегiз миллион қырық бес мың) теңгеге 35823 тонна көмiр беру туралы және аталған сомада 1996 жылғы 20 қыркүйектегi жай-күйi бойынша олардың пайдалану уақытындағы жылдық

10 процентi":
     2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "Борлы" акционерлiк қоғамы жоғарыда аталған орталықтандырылған
несиенi пайдалану уақытындағы бұрын есептелген проценттерiнiң қалған
бөлiгiн төлеуден босатылсын";
     аталған қаулының қосымшасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда
жазылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                          Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                          1996 жылғы 25 қарашадағы
                                             N 1437 қаулысына
                                                 қосымша

           Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
           қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiне көмiр беру
                              КЕСТЕСI
___________________________________________________________________
     Ай             |           Акционерлiк қоғамдар
                    |______________________________________________
                    |  "Борлы"             | "Рысты- АЭРВЗ"
                    |______________________|_______________________
                    |Көмiр     |Берiлетiн  | Көмiр     |Берiлетiн
                    |саны      |көмiрдiң   | саны      |көмiрдiң
                    |т.        |құны (ҚҚС  | т.        |құны ( ҚҚС
                    |          |ескерiп)   |           |ескерiп)
                    |          |мың. теңге |           |мың теңге
___________________________________________________________________
     Қыркүйек          15240      24690       30000       21450
     Қазан             15000      24310       20000       14300
     Қараша             5583       9045        5944        4250

     Барлығы           35823      58045       55944       40000
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады