Бюджеттiк борыштар бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 26 қарашадағы N 1449

      Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң оған жобалау-iздестiру ұйымдарының орындаған жұмысы үшiн пайда болған берешегiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiмен бiрлесiп есептемеге алынатын, берiлiп отырған тiзбеге сәйкес жобалау-iздестiру ұйымдарының салық төлемдерi бойынша республикалық бюджетке жалпы сомасы 10284 мың (он миллион екi жүз сексен төрт мың) теңге берешегiн өтеудi жүргiзсiн;
      аталған сома жобалау-iздестiру ұйымдарының орындаған жұмысына

берешектерiн өтеу үшiн республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын
Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң операциялық шығыстарды
қаржыландыру есебiне есептелсiн.
     2. Берешек есептемесi 1996 жылға арналған республикалық
бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiгiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                      Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 26 қарашадағы
                                        N 1449 қаулысына
                                            қосымша

          Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге
          орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
          қаржыландыру есебiне есептеме қабылданатын
          республикалық бюджетке салық көлемдерi бойынша
                   берешектерi бар ұйымдардың
                           ТIЗБЕСI
___________________________________________________________________
        Ұйымдардың атаулары          |  Есептемеге қабылданатын
                                     | берешек сомасы (мың теңге)
                                     |_____________________________
                                     | Барлығы|  оның iшiнде
                                     |        |____________________
                                     |        | ҚҚС    |Заңды
                                     |        |        |тұлғалардан
                                     |        |        |алынатын
                                     |        |        |табыс салығы
___________________________________________________________________
 Мемлекеттiк жер ресурстары және
жерге орналастыру мемлекеттiк
ғылыми-өндiрiстiк орталық
(мемжерГОО), Алматы қаласы             5067      3079      1988
 Мемжер ҒӨО Ақтөбе бөлiмшесi           390       201       119
 Мемжер ҒӨО Алматы бөлiмшесi           128       128        -
 Мемжер ҒӨО Қостанай бөлiмшесi         80        80         -
 Мемжер ҒӨО-ның кешендi
 iздестiру бөлiмi, Алматы қаласы       3428      2365      1063
 Мемлекеттiк ауыл шаруашылығы
 аэрофотогеодезиялық зерттеулер
 институты                             1261      1261       -

     Жиыны                             10284     7114      3170
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады