Бақыршық кен өндiру бiрлескен кәсiпорны туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 14 желтоқсан N 1541

      "Бақыршық кен өндiру бiрлескен кәсiпорны" бiрлескен кәсiпорнын дамытуға шетел инвестицияларын тартуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң "Бақыршық кен өндiру бiрлескен кәсiпорнының" Қазақстан жағының қатысу үлесiн "Централ Эйшен Майнинг Лимитед" компаниясына оның жарғылық қорының 60 процентi мөлшерiнде сату, сондай-ақ "Бақыршық кен-металлургия комбинаты" мемлекеттiк кәсiпорнының "Бақыршық кен өндiру бiрлескен кәсiпорыны" бiрлескен кәсiпорнына оған жалдау шартында берiлген мүлiктiк кешенiнiң бiр бөлiгiн сату туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне "Бақыршық кен өндiру бiрлескен кәсiпорны" бiрлескен кәсiпорны Қазақстан жағының жарғылық қорының 60 процентi мөлшерiндегi қатысу үлесi мен "Бақыршық кен металлургия комбинаты" мемлекеттiк кәсiпорны мүлiктiк кешенiнiң бiр бөлiгiн берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне келiссөздер жүргiзуге және қатысу үлесi мен мүлiктiк кешеннiң бiр бөлiгiн сатып алу-сату шартына және оған қатысты өзге де құжаттарға қол қою өкiлеттiгi берiлсiн.
      4. "Қазақстан Республикасының Семей облысындағы Бақыршық пен өндiру бiрлескен кәсiпорнын құру туралы "Минпрок-Чилевич, Лимитед" (АҚШ) компаниясымен жасалған Келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 24 ақпандағы N 145 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 5, 61-құжат)

 

2 және 6-тармақтарының;

     "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы

24  ақпандағы N 145 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан

Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 мамырдағы N 346

қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 15,

180-құжат) күшi жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады