Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалау орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 18 желтоқсан N 1549. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалау орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 20 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалауына төрағаның бiр орынбасарын, сондай-ақ саны 5 адамдық алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды

қадағалау орталық аппараты үшiн 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi
белгiленсiн.
     4. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды
қадағалау орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1803
қаулысының 2-4-тармақтары күшi жойылған деп танылсын (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 38, 495-құжат).

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                    Қазақстан Республикасы
                                          Үкiметiнiң
                                    1996 жылғы 18 желтоқсандағы
                                      N 1549 қаулысына
                                          қосымша

             Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
          сақтандыруды қадағалау орталық аппаратының
                          ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Сақтандыру қызметiн лицензиялау және бақылау басқармасы
     Қаржы-шаруашылық бөлiмi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады