Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 20 желтоқсан N 1573. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлердiң шектi санының негiзiнде 73 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiне Министрдiң 2 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 7 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда

құрылыс салу министрлiгi орталық аппараты үшiн 3 қызметтiк жеңiл 
автомобиль лимитi белгiленсiн.
     4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
     "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда
құрылыс салу министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1802
қаулысы;
     "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы
N 1802 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 наурыздағы N 313 қаулысы.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                     1996 жылғы 20 желтоқсандағы
                                          N 1573 қаулысына
                                               қосымша

          Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және
            аумақтарда құрылыс салу министрлiгi орталық
                          аппаратының
                           ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Сәулет және қала құрылысы басқармасы
     Ғылыми-техникалық саясат және инвестициялар басқармасы
     Тұрғын үй құрылысы басқармасы
     Экономика және қаржы басқармасы
     Құрылыстағы баға белгiлеу және сметалық нормаларды жетiлдiру
     бөлiмi
     Инженерлiк жүйелер және жобалау жұмыстары бөлiмi
     Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлiмi
     Iс басқармасы

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады