Бюджеттiк борыштар бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 25 желтоқсан N 1614

      Бюджеттiк ұйымдардың босатылған электр және жылу энергиялары үшiн пайда болған берешектерiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiмен бiрлесiп "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамының заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша 651 (алты жүз елу бiр) млн. теңге республикалық бюджетке берешегiне есептеме жасасын.
      Аталған сомадан 61 (алпыс бiр) млн. теңге қосымшаға сәйкес Жезқазған және Жезқазған облысының Сатпаев қалаларының республикалық бюджеттiк мекемелерiн қаржыландыру есебiне және 590 (бес жүз тоқсан) млн. теңге - Жезқазған облысы әкiмiнiң бағынысындағы бюджеттiк мекемелердi қаржыландыру есебiне олардың тұтынған электр және жылу энергиялары үшiн "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамына берешектерiн өтеуге есептелсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Жезқазған облысының жергiлiктi бюджеттерiмен республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кезек күттiрмейтiн мұқтаждарына арнап көзделген қаражат есебiнен 590 (бес жүз тоқсан) млн. теңге сомасында осы есептеменi жүргiзуден туындайтын өзара есеп айырысуларды реттеп отырсын.
      3. Жезқазған облысының әкiмiне жергiлiктi бюджеттiң өзара бюджеттiк

борыштары бойынша осы секiлдi есептеме жүргiзу ұсынылсын.
     4. Берешектер есептемесi 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң 
кiрiс және шығыс бөлiктерiнде аталған сома көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
                                      Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                    1996 жылғы 25 желтоқсандағы
                                        N 1614 қаулысына
                                            қосымша

         Республикалық бюджетте тұратын, тұтынылған электр
           және жылу энергиясы үшiн есептемеге алынатын
              берешегi бар мекемелер мен ұйымдардың
                           ТIЗБЕСI
                                               мың теңге
     Мемлекеттiк тергеу комитетi                 5450,3
     Iшкi iстер министрлiгi                      25501,7
     Бас прокуратура                             7,4
     "Қазақстан теледидары мен радиосы"
     республикалық корпорациясы                  261,4
     Әдiлет министрлiгi                          723,0
     Бiлiм министрлiгi                           27219,0
     Мемлекеттiк салық комитетi                  8,0
     Ауыл шаруашылығы министрлiгi                1111,6
     Су ресурстар жөнiндегi комитет              717,6

     Жиыны                                       61000,0 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады