1. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 61 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiне министрдiң 2 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ саны 11 адамдық алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт
министрлiгi үшiн 3 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1786 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 мамырдағы N 583 қаулысының 2-тармағы. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1649 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi орталық аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Жастар iсi жөнiндегi басқарма Туризм басқармасы Спорт басқармасы Ұйымдастыру жұмысы басқармасы Қаржы-экономикалық бөлiмi Бухгалтерлiк есеп бөлiмi
Техникалық қызмет көрсету және спорт ғимараттарын, туристiк объектiлердi пайдалану және жастар кәсiпорындарының бөлiмi
Дене мәдениетi-сауықтыру жұмысы бөлiмi