Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 27 желтоқсан N 1649. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.14. N 559 қаулысымен. ~P970559

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 61 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiне министрдiң 2 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ саны 11 адамдық алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт

министрлiгi үшiн 3 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
     4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
     "Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт
министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1786 қаулысы;
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996
жылғы 12 мамырдағы N 583 қаулысының 2-тармағы.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
                                  Қазақстан Республикасы
                                       Үкiметiнiң
                                  1996 жылғы 27 желтоқсандағы
                                     N 1649 қаулысына
                                        қосымша

           Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм
            және спорт министрлiгi орталық аппаратының
                          ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Жастар iсi жөнiндегi басқарма
     Туризм басқармасы
     Спорт басқармасы
     Ұйымдастыру жұмысы басқармасы
     Қаржы-экономикалық бөлiмi
     Бухгалтерлiк есеп бөлiмi


      Техникалық қызмет көрсету және спорт ғимараттарын, туристiк объектiлердi пайдалану және жастар кәсiпорындарының бөлiмi
      Дене мәдениетi-сауықтыру жұмысы бөлiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады